Қазақстан мен Чехияны қазіргі дамудың ұқсас жолдары біріктіреді

Қазақстан мен Чехияны қазіргі дамудың ұқсас жолдары біріктіреді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Чехия Республикасына ресми сапармен келді. Бұл - Қазақстан Президентінің Чехияға тәуелсіздік жылдарындағы алғашқы сапары. 
Чехия Президенті Вацлав  Клаус «Прага грады» рези­ден­циясында Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алды. Кездесу барысында Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың 20 жылының қорытындысын жасады. Сондай-ақ олар экономикалық, инвестициялық, ғылыми-технологиялық және мәдени-гуманитарлық өзара ықпалдастық мәселелеріне назар аударды. Сонымен қатар Президенттер халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері мен көпжақты бастамалар жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Прага градының» Құр­­метті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырып, Қазақ­стан-Чехия қарым-қатынастарының одан әрі нығая беретініне сенім білдірді және чех халқын ұлттық мерекемен – тәуелсіз Чехословакия Республикасының құрылған күнімен құттықтады.   
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Чехия Республикасының Президенті Вацлав Клаус келіссөздер қорытындысы бойынша баспасөзге арналған бірлескен брифинг өткізді.
Нұрсұлтан Назарбаев Чехияға келіп қайтуға шақырғаны үшін Вацлав Клаусқа алғыс білдірді.
– Бұл – менің Чехияға бірінші ресми сапа­рым, бұл сапар біздің елдер арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 20 жыл толу қарсаңында өту­де. Бүгінде Чехия Республикасы біздің елі­міз үшін Еуропалық одақтағы маңызды сая­си әріптес болып саналады. Чехия – қа­таң экономикалық дағдарыс жағдайын­да өзінің қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақ­таған санаулы мемлекеттің бірі. Біздің елде­ріміздің өзара бірін-бірі толықтыратын экономикасы бар. Қазақстанның ресурс­тары мен чех машина жасау технологиясы өзара тиімді ынтымақтастық мақсатында бірлесе жұмыс істей алар еді. Біздің ел халықтарын тығыз тарихи байланыстар және қазіргі дамудың ұқсас жолдары біріктіреді. Соңғы онжылдықта біз ұқсас экономикалық реформалар жүр­гіздік. Чехия­ның бұл  саладағы тәжірибесі Қазақ­стан үшін қызықты, – деп атап өтті Қазақ­стан Президенті.
Мемлекет басшысы 2011 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 800 миллион доллардан асқанына және оны арттыруға барлық жағдай жасалғанына тоқталды.
– Қазақстанда чех компанияларының 20 шақты өкілдігі және 76 бірлескен кәсіпорын жұмыс жасайды. Бүгінгі кездесу елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамытуға серпін беретін болады. Біз Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айна­лымын 1 миллиард долларға жеткізу ние­тінде­міз. Қазіргі таңда біздің респуб­­ли­­камызда индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы іске асырылып жатыр және оны жүзеге асыруға чех компанияла­рын қатысуға шақырамыз. Ертең Қазақ­стан-Чехия бизнес форумы өтеді, оның аясында жалпы құны 250 миллионнан асатын ондаған жаңа коммерциялық жоба­ға қол қойылады, ал бұл мемлекет­аралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүм­кіндік береді. Менің бүгінгі сапарым елде­рі­міздің арасындағы әріптестікті нығайтады деп үміттенемін, – деді Қазақстан Пре­зиденті.
Қорытынды сөзінде Нұрсұлтан Назар­баев Қазақстанда инновация және индус­трия саласында жұмыс істейтін инвесторлар үшін айрықша жеңілдіктер жасалып отыр­ғанын айтты.   
Өз кезегінде Чехия Республикасының Пре­зиденті Вацлав Клаус Қазақстан Пре­зиденті сапарының екі ел арасындағы қарым-қатынастарды тереңдете түсуде ма­ңызды стратегиялық мәні бар екеніне тоқтал­ды.
– Біздің екіжақты кездесуіміздің соңғы­сы­нан, 2004 жылдан бері жеткілікті уақыт өтті, демек, келіссөздерді жалғастырудың қа­жеттігі туғаны анық. Біз Қазақстанды стра­тегиялық маңызды серіктесіміз санай­мыз және ынтымақтастықты күшейтуге мүд­деліміз. Біз экономикалық қарым-қатынастарды дамытуды көздеп отырмыз: бүгінде оны өсіру үшін үлкен әлеует бар. Қазақстан Республикасы – қарқынды даму үстіндегі ел және мен біздің өзара қарым-қатынастарымыз тек қана өсе беретін болады деп сенемін, – деді Вацлав Клаус.
Сондай-ақ Чехия Республикасының Президенті Чехия мен Қазақстан арасында шешілмеген айтарлықтай түйткілдер жоқ екенін атап өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша әскери саладағы, денсаулық сақтау және меди­цина ғылымы салаларындағы ынты­мақ­тастық туралы ведомствоаралық келісімге, Шығыс Қазақстан облысы мен Пльзенск өлкесі арасындағы сауда-эко­номикалық, мәдени-гуманитарлық және ғы­лыми-технологиялық ынтымақтас­тық туралы келісімге қол қойылды.
Бүгін Елбасының Чехияға сапары аясында сол ел басшысымен бірге қазақ­стандық-чехиялық бизнес-форумына қатысуы, оның барысында бірқатар ком­мер­циялық шарттарға қол қоюы көзделіп отыр. Сонымен қатар Чехия Республи­ка­сының премьер-министрі Петр Нечаспен жоспарланған кездесудің барысында екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтас­тықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алысады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста