Қазақстан мен Индонезия өзара тиімді ынтымақтастыққа мүдделі

Қазақстан мен Индонезия өзара тиімді ынтымақтастыққа мүдделі

12 сәуір күні мемлекеттік сапармен Индонезияға келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Джакартаның «Халим» әуежайында осы елдің Сыртқы істер министрі Марти Наталегава мен қаланың құрметті губернаторы Ф.Бао бастаған бір топ ресми тұлғалар қарсы алды. Қазақстан Президентінің келуіне орай құрмет қарауылы сап түзеп, жергілікті халықтың ерекше ілтипат белгісі ретінде жас жеткіншектер Н.Назарбаевтың мойнына гүлдесте тақты.

Индонезияда Қазақстан елшілігі ашылды
Сапардың негізгі бөлігі президенттер – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Индонезия Президенті Сусило Бамбанг Юдойононың ресми кездесуі мен екі­жақты мемлекетаралық келіссөздер ертеңінде, сәуірдің 13-і күні Индонезия басшысының «Истана Мердек» сарайында жалғасты. Қос Президент алды­мен шағын құрамда кездескеннен кейін, келіссөздер екі елдің кең ауқымдағы делегацияларының қа­ты­суы­мен жалғасып, Қазақстан мен Индонезияның қарым-қатынасының бүгінгі барысы мен келешек ағысын толық қамтыды. «Бұл сапар біздің қарым-қа­тынастарымызды дамытуда айрықша мәнге ие. Шағын құрамдағы кездесуде Пре­зи­дент мырза екіжақты экономикалық байланыстарды дамыту үшін Қазақстанның қандай мүмкіндіктері бар екеніне кеңі­нен тоқталды. Мен сіздің айтқандарыңызбен толық келісемін», – деген ИР Президенті Сусило Юдойононың сөзін Елбасы толықтыра түсті.
«Біз шағын құрамдағы кездесуде өзара қаты­нас­тар­дың кең ауқымды мәселелерін көтердік. Қазақ­стан бүгінде индустриялық-инновациялық бағ­дар­ламаны жүзеге асыруда, біз 2030 жылға қарай әлемнің дамыған елдері қатарына кіргіміз келеді. Тура осы секілді сіздің ел де қуатты, дамыған ин­фра­құрылымды экономикаға айналуды мақсат тұтуда. Келесі жылы біздің елдеріміздің дипломатиялық қатынас орнатқанына жиырма жыл толады. Бұл – арнайы атап өтуге лайықты мерзім. Осы­ған бай­ланысты мен Джакартада Елшілік ашып, елші тағайын­дадым», – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Кеңейтілген құрамда талқыланған мәселелер мен қол жеткізген уағдаластықтар турасында бұқаралық ақ­па­рат құралдарына президенттер келіссөздер аяқтала салы­сымен жан-жақты түсінік берді.
Мәселен, Индонезия Президенті Юдо­й­он­ға осынау ғажайып елдеріне келуге ша­қырғаны және қонақжай сый-құр­мет­тері үшін шынайы алғысын білдірген Елбасы «Осы ретте Сіздердің елдің жеткен орасан зор жетістіктер мен үлкен өзгерістер маған айрықша әсер қалдырғанын атап айтқым келеді. Осы қарқын мен өсімді сақтаса, бір-екі он жылда Индонезия әлем­нің ірі экономикалы ондығына кіретініне сенімдімін. Біз үшін осындай елмен ынты­мақтасу – үлкен құрмет. Біздің даму тура­сындағы мемлекеттік міндетт­е­рі­міз бен мақсаттарымыз ұқсас. Қазақстан ин­дус­трия мен инновация бағытында ұм­тылуда. Индонезия 2025 жылға қарай жоғары дамыған инфрақұрылымды қуатты эконо­микаға айналуды мақсат тұтуда. Біздің де мақсатымыз осындай. Екіжақты қатынас­тарды дамыту үшін саяси тұрғыдан барлық шарттар жасалған. Біз бүгін өте жемісті келіссөздер өткіздік. Екіжақты ынтымақ­тастық мәселелерін талқыладық. Ба­сым мақсаттарды айқындадық. Бұл сапар Қазақстанның Индонезиямен диа­лог­ты ислам әлемінің ең ірі елі ретінде ең жоғары деңгейде және министрліктер мен ведомстволар қатарында да белсенді­лен­дір­уге ниетті екендігінің айғағы», – деп атап көрсетті.
Мәдениет күндері өтеді
Мемлекет басшысының сөзінен мәлім болғанындай, осы келіссөздер барысында тараптар 2013-2014 жылдары Индо­не­зия­ның Қазақстандағы және Қазақстанның Индонезиядағы мәдениет күндерін өткізуге келісті. Ал перспективалы бағыттар ретінде энергетика, көлік, машина жасау, ауыл шаруа­шылығы, тамақ өнеркәсібі, шағын және орта бизнес салалары айқындалып, бірқатар салаларда өзара тиімді көрінетін бірлескен кәсіпорындар құру турасында уағдаластықтарға қол жеткізілді. Бұл орайда Елбасы Қазақстанның Индонезияға бидай мен басқа да астық өнімдерін жет­кізу мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екендігін алға тартты.
Қазақстан Индонезияны АӨСШК-нің толыққанды мүшелігіне шақырды
Қазақстан Индонезиямен халықаралық ұйым­дардың, БҰҰ мен Ислам ынты­мақ­тастығы ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі аясын­да да ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендігін айтқан Н.Назарбаев Индо­не­зия­ны АӨСШК-нің толыққанды мүшесі болуға, сондай-ақ Президент Сусило Юдойононы ресми сапармен Қазақстанға келіп қайтуға шақырды.
Қазақстан Президентінің бұл шақы­руы­на дереу үн қатқан ИР Президенті біздің елге 2013 жылы ресми сапармен келетінін мәлімдеді. Ол өз сөзінде Қазақ­стан Президентімен екі елдің ынты­мақ­тас­тығын дамыту тұрғысында көптеген мәселелер бойынша өзара түсіністік тап­қанын, келіссөздер барысында астық, мақта-мата өндірісі, мұнай-газ және шина жасау секілді салаларда сенімді ынты­мақ­тастық орнайтыны мағлұм болғанын айтты. «Біз өзара қарым-қатынас­тары­мыз­дың даму қарқынын қолдау мақсатында үкіметаралық бірлескен комиссия, Қазақстан – Индонезия Іскерлік кеңесі секілді инс­титуттар құру турасында да бір пікірге келдік.
Біздің келіссөздеріміздің мазмұнын қысқа қайырсақ, осы» – деген Индонезия басшысы екі ел өзара тиімді ынты­мақ­тас­тықты жалғастыра беретініне сенім білдіріп, Қазақстанның халықаралық бас­та­­маларын Индонезия үнемі қол­дайтынын да мәлімдеді.

Индонезиялықтар Қазақстанмен бірлескен жобалар ашуға қызығып отыр
Тоқтала кетер жайт, Қазақстан Прези­денті сәуірдің 13 –і күні Индонезия Прези­дентімен келіссөздерін бастамас бұрын, осы елдің «Калибат» ұлттық батырлар ме­мориалына гүл шоқтарын қойып, Құр­метті қонақтар кітабына тілек жазба қалдырған болатын. Содан кейін Мемлекет басшысы «Индонезия Кемпински» қонақүйінде Индонезияның өнім өндірудегі жетекші компанияларының көрмесімен танысты. Мұнда Елбасын ИР Үкіметінің экономика жөніндегі үйлестіруші министрі Раджаса Хатта қарсы алды. Президентке көрмеге қатысушы компанияларды таныстырған Р.Хатта Елбасы Н.Назарбаевпен әңгіме барысында Қазақстан–Индонезия эконо­ми­калық байланыстарын дамыту мүм­кін­діктерін талқылады. Бұл көрмеге осы елдің қағаз шығарудан бастап, ауыл шаруа­шы­лығы, азық-түлік өнімдері, қызмет көрсету, телекоммуникация, сирек металдар мен мұнай-газ, авиақұрылыс саласында мойы­ны озық тұрған компаниялары мен ірі конгломераттары қатысқанына қарап, индонезиялық бизнестің алыс қиырда жатқан Қазақстанға деген қызығушылығы жоғары екенін байқадық. Ол ойымызды ИР Үкіметінің экономика жөніндегі үйлес­тіруші министрі Раджаса Хатта да қуаттай түсті. «Біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік сапармен келуіне аса қуаныштымыз. Бүгінгі таңда екі елдің саяси-экономикалық байланыстары жақсы дамып келеді. Дей тұрғанмен, өзара тауар айналымы айтарлықтай көп емес. Бірақ оның көлемін ұлғайтуға екі елдің әлеуеті жеткілікті. Біздің компаниялар қазақстандық әріптестерімен кеңірек та­ны­сып, әртүрлі салаларда бірлескен кәсіп­орындар құруға, тиімді сауда-эконо­ми­калық байланыстар орнатуға қызығып отыр», – деді ол журналистерге сұхбат бер­ген кезінде.
Дей тұрғанмен, екі елдің тауар айна­лы­мы өсіп келеді. Қазақстан мен Ин­до­не­зияның тауар айналымы 2011 жылы 35,1 АҚШ долларын құраса, соның 7,9 мил­лионы – экспорт, 27 миллион 217 мың дол­лары импорттың үлесіне тиген. 2010 жылы бұл көрсеткіш 23,5 миллион доллар шамасында болған еді.
Қазақстан мен Индонезия іскерлерінің өзара тиімді ынтымақтастық жолдарын тауып, бірлескен жобалар ашуға ынталы екендігін қазақстандық делегацияның өкілі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев та атап өтті.
Индонезия Қазақ астығын күтеді
Бизнес форум барысында өзара ынты­мақ­тастықтың осындай перспективалы бағыттары мен тиімді жобаларды айқын­да­ған екі елдің компаниялары арасында аталған көрме аясында екі бірдей мемо­ран­думға қол қойып үлгерді. Оның бірі – қазақстандық «Берекет» деген жеке компания мен жергілікті «Infofood» компа­ния­сы арасында Индонезияға 300 мың тонна бидай жеткізу турасында болса, екінші меморандум «Самұрық-Қазына» мен индонезиялық «Multistrada» деп аталатын шина шығаратын ірі компаниямен жасалды. Бұл саланы екі елдің арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың төртінші бағыты деуге болады. Елу жылдан астам уақыт бойы шина шығарумен айналысып, өңірдегі озық өндірушілердің біріне айнал­ған аталған компания біздің елімізде шина өндірісін ашу үшін инвестиция салуға қызы­ғып отыр. Қ. Бишімбаев бұл бағыттағы ынтымақтастықтың да болашағы зор екен­дігін айтады. Лайым солай болып, мемо­рандум ниет күйінде қалып қоймай, нақты өндірістік жоба болып жүзеге асса, қазақ­стандық автокөліктердің дөңгелек­те­ріне отандық «байпақ» кигізетін күн тумақ.
Сонымен, Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың «аралдар елі» – Индонезия Республикасына мемлекеттік сапары нәтижелі аяқталды. Оның қоры­тын­дысы бойынша екі ел президенттерінің бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Сондай-ақ дипломатиялық және қыз­мет­тік паспортқа ие азаматтарды виза рәсім­деуден босату туралы Қазақстан Үкіметі мен Индонезия Үкіметі арасындағы келі­сім­ге, ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ИР Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2012-2013 жылдарға арналған екіжақты ын­тымақтастықтың ниет хаттамасына қол қойыл­ды.

Алаш–ақпарат
Индонезия – әлемдегі ең ірі мұсыл­ман елі. Мұндағы мұсылман жа­ма­ға­тының үлесі 84 пайызға жуықтайды немесе шамамен 220 миллион адам. Мемлекеттік тіл ресми түрде малайлық бахас диалектісі болғанымен, елде 580-ге жуық ірілі-ұсақты тілдер мен диалектілер бар. Бұл ел сондай-ақ халқы ең тығыз қоныстанған мемлекеттің бірі ретінде Қытай, Үндістан және АҚШ-тан кейінгі төртінші орында тұр. Жалпы, халық саны 250 миллионға жуықтаса, соның шамамен алпыс пайыздайы Ява аралында қоныстанған. Мемлекеттің өзі 17 508 аралдан құралған. Ал оның қазіргі атауы түп-төркінін «Үнді аралдары» деген грек сөзінен алса, жергілікті халық TanahAirKita, яғни «Біздің Жер мен Су» деп атайды.
Индонезияның астанасы Джакартаның тұрғын саны ресми мәлімет бойынша 10 миллион делінгенімен, қалаға кірігіп кеткен қала маңы елді мекендердің тұрғындарымен 20 миллионға жуықтайды. Джакартаның орталығына оның жан-жағынан күн сайын таңмен таласа тұрған жеті миллиондай адам ағылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста