«Қазақстан тәуелсіздік жолында» деген тақырыпта жастармен кездесу өтті

«Қазақстан тәуелсіздік жолында» деген тақырыпта жастармен кездесу өтті

Алматыдағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланған тарихи ғимаратта 6 желтоқсан күні «Қазақстан тәуелсіздік жолында» деген тақырыпта жастармен кездесу өтті. Оған белгілі қоғам қайраткері, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және «Құрмет» орденінің иегері Сұлтанәлі Базарбайұлы Балғабаев қатысты.

Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша бұл шараны «Заман» парасатты және салауатты өмір» қоғамдық қоры ұйымдастырған болатын.

Өзінің кіріспе сөзінде қор директоры Тілеубек Дөрбетханұлы қазіргі таңда Қазақстан-Британ техникалық университеті орналасқан бұл ғимараттың кездесу орны ретінде кездейсоқ таңдап алынбағанын айтып берді. Сондай-ақ тәуелсіздік жарияланғаннан кейін өмірге келген қоғамдық ұйымдардың бірі саналатын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының негізін қалаушылардың бірі және онда 1992-2017 жылдары қауымдастық төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған С.Базарбайұлын кездесуге қатысып отырған студенттер қауымына таныстырып, сол кездегі тарихи оқиғалардан өз әңгімеерін баяндап беру үшін сөз тізгінін қонақтың өзіне тапсырды.

–Тәуелсіздік жемісін бүгін сіздер көріп отырсыздар. Ол болмағанда мұнда былай отырмайтын едіңіздер. Бұл Қазақстан коммунистік партиясы орталық комитетінің үйі болған. Студент тұрмақ, аудан, облыс басшыларының өзі зорға кіретін. Мұнда көп жылдар бойы Дінмұхамед Конаев отырған. Елдің қалыптасуы мен дамуындағы үлкен мәселелер шешілген жер. Тәуелсіздіктің ең үлкен жемісі сендердің жоғары оқу орындарында қазақша оқып жатқандарың. Оған дейін жоғары оқу орындарының 80-90 пайызы орысша оқытатын. Қазір олардың 70-80 пайызы қазақ бөлімдерінде оқиды. Ал енді өзімнің жұмысыма оралсам тәуелсіздіктің епң алғашқы жетістіктерінің бірі шетелдегі қазақтарды жинау болды. Оған дейін Қазқстандағы халықтың 37 пайызы ғана қазақ болған. Қазір 70 пайыз болды , – деді С.Балғабаев.

Сұлтанәлі Базарбайұлының сөзіне қарағанда, Қазақстан тәуелсіздігінің негізін қалаушы қайраткер ретінде ҚР Тұңғыш Президентінің айрықша көңіл бөлетін 2-3 нәрсесі бар. «Оның біріншісі шетелдегі қазақтарды жинау. Оны тәуелсіздіктен кейін бірден қолға алды. Алғашқы құрылтайды өткізді. Соның нәтижесінде 1 млн. қазақ елге оралды. Олар өсімімен 2 млн болды. Егер олар болмағанда республика халқының саны 16 млн ғана адам болатын еді. Мұндай жұмысты көрші елдердің ешқайсы қолға алған жоқ. Мәселен, 6-7 млн өзбек шетелде тұрады. Өзбекстан әлі күнге дейін бірде-бірін ресми түрде әкелген жоқ. Ал мынау Қырғызстан Ауғанстанның Памир деген жерінде жүрген 2 мың қырғыздың өзін әлі әкеле алмай жүр. Н.Назарбаевтың екінші жасаған ісі астананы көшіруі болды. Бір кезде көшеден қазақша

сөйлетін адамды табудың өзі мұң боп кеткен бұл қала тұрғындарының 79 пайызын қазақтар құрайды. Үшіншісі, Түркістанның мәртебесін көтеріп, облыс орталғына айналдырғаны».

Жалпы мәдениет пен руханияттың өзекті мәселелері талқыланған бұл кездесу пікірталмасу түрінде жалғасып, студенттер өздерін толғандырып жүрген түрлі жағдайлар бойынша сұрақтарына жауап алуға тырысты. Тәуелсізідік тағылымына қатысты ой көкжиектерін кеңейтіп, шаралан соң естелік суретке түсіп, үлкен әсермен тарқады.

Қосымша ақпарат алу үшін:

Тілеубек Дөрбетхан 

Тел.: +7 707 111 49 97, +7 701 111 49 97

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста