Қазақстан халқының саны 18,6 млн адамға жетті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті халық санына қатысты мәліметтерді жариялады.
Статистикалық деректерге сүйенсек 2019 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18 млн 611 мың адамды құраған, оның ішінде қалалықтар – 10 млн 875 мың (58,4%), ауылдықтар – 7 млн 735 мың адам (41,6%).
2018 жылдың 1 желтоқсанымен салыстырғанда, халық саны 234,9 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Нұр-Сұлтан қаласы (61,7 мың адам), Алматы қаласы (57,8 мың адам) және Түркістан облысында (38,4 мың адам) қалыптасты, - делінген статистикалық мәліметтерде.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу