Қазақстанда елорда күніндегі демалыс күндері ұзартылуы мүмкін
Қазақстанда 2023 жылы елорда күніндегі демалыс күндерін ұзарту ұсынылды. Үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" сайтында пайда болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қаулыда демалыс күнін 2023 жылғы 1 шілдедегі сенбіден 2023 жылғы 7 шілдедегі жұмаға ауыстыру ұсынылды. Осылайша, демалыс күндері ұзарады.
Түсіндірме жазбада бұл ұсыныс мереке күндері, сондай-ақ демалыс күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында жасалғаны атап өтілген. Сонымен қатар, жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы ресурстарын талап етпейтіні және жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайтыны көрсетілген.
Демалыс күндерін елорда күніне ұзарту Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен көтерілді. Құжат жобасы 2023 жылдың 15 наурызына дейін қоғамдық талқылауда болады.