Қазақстанда ең жас аналар қай өңірде тұрады

Қазақстанда ең жас аналар қай өңірде тұрады

Қазақстандықтар орта есеппен әйелдер 25 жасында тұңғыш рет балалы болады, деп хабарлайды Ranking басылымына сілтеме жасап. 

Қазақстанда ең жас аналар Түркістан облысында тұрады. Ал алматылықтар бұл мәселеде, керісінше, асығыстық танытпайды. 2021 жылы адам көп шоғырланған Түркістан облысында ең көп бала дүниеге келді - 65,1 мың адам. Көрсеткіш 6,2%-ке өскен. Үштікке Алматы облысы (55,2 мың, плюс 1,5%) және Алматы (37,9 мың сәби, плюс 6,7%) енген.

Солтүстік Қазақстан облысы бала саны ең аз дүниеге келетін өңір. Бір жылда 6,5 мың сәби өмірге келген. Бір жыл бұрынғыға қарағанда көрсеткіш 5,7%-ке аз. Солтүстік Қазақстан облысынан басқа, Қостанай және Павлодар облыстарында көрсеткіштің азаюы байқалды. Ал ең көп өсім Шымкентте тіркелді. Бір жылда бірден 11,5%-ке, 35,4 мың адамға көбейіп отыр. 

Елдегі барлық сәбидің жартысынан астамын 20-дан 29 жасқа дейінгі аналар босанған: 20-24 жас аралығында -- 98,2 мың сәби, 25 - 29 жас аралығында - 137 мың сәби. Ал 14,5 мың сәбиді (3,3%) 20 жасқа толмаған аналар дүниеге әкелді.
30-34 жастағы аналардың көрсеткіші - 116,6 мың бала (26,1). Әйелдер жасы ұлғайған сайын жаңа туған нәрестелер саны да төмендейді. Мысалы, 35-39 жастағы аналарда — 64,2 мың бала, 40-44 жастағы аналарда — 15,1 мың бала, 45-49 жастағы аналарда — 725 бала, 50-54 жастағы аналарда — 53 сәби, 55 жастан бастап - 6 сәби дүниеге келді.

446,5 мың нәрестенің 395,7 мыңы тіркелген некедегі отбасында туылды. 20 жасқа дейінгі тұрмыстағы әйелдерде - 10,8 мың бала, 20-24 жастағы әйелдерде — 89 мың, 25-29 жастағы әйелдерде — 125,5 мың нәресте.

2021 жылы босанған ананың орташа жасы - 29,5 жас, 2020 жылы - 29,3 жас болды. Қалалық жерлерде бала туған аналардың орташа жасы - 29,9, ауылдық жерлерде - 29,1 жас.

Ең жас аналар 2021 жылы Түркістан облысында тіркелді. Тұңғышын босанған әйелдердің орташа жасы - 22,5 жас. Екінші орында Шымкент қаласы (23,9 жас), үшінші орында Жамбыл облысы (24 жас) иеленді. Алматыда сәбилі болуға аса асықпайды. Тұңғышын босанған әйелдердің орташа жасы - 28,1 жас. Одан әрі Астана (27 жас) және Алматы облысы (25,5 жас).

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста