Қазақстанда парламент сайлауы өтетін күні не болады? Сәуегейлер пікірі

Қазақстанда парламент сайлауы өтетін күні не болады? Сәуегейлер пікірі

Қазақстандық көріпкелдер мен нумерологтар парламент депутаттары сайлауы өтетін күні қандай жағдай орнайтынын болжап көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Астрологтар он, нөл бір, екі мың жиырма бір сандарының тоғысқан күні - көпшіліктің энергиясы таситын күн деп отыр. Әрі бұл энергияны елдің біраз бөлігі ұрыс-керіске жұмсап қояды екен. Бұған уран ғаламшарының өте баяу жүретіні себеп болады дейді болжамшылар. Мұндай көңіл-күйден адамдар тек сайлау аяқталғаннан кейін, 11 қаңтар күні түс ауа шыға бастайды. Көріпкелдер де дауыс беретін күні жұрттың жүйкесі жұқа болатынын айтып отыр.

 
Тәспісін тартып, болашақ күндер туралы бал ашумен айналысатын Фируза апа, әуелі "дауыс беруге елдің ағылып бара жатқанын көріп тұрғанын" айтады. Бірақ, қазірден бастап жастарға жөнді жол сілтемесе, олар кез-келгеннің үгіт-насихатқа еріп, арты дауға ұласуы мүмкін деп болжайды.

Оның айтуынша, абыройды ақшаға сатып алмақ болғандардың шынайы бет-бейнесі де осы айда ашылады. Дегенмен, іштен жау шықпаса, дәл 10 қаңтар күні сырттан төніп тұрған қауіп жоқ деп отыр. 

"Қоғамдағы белсенді жастар болады бұлар. Оқу орындарында жиналады. Сондай ақымақтар бар. Олар оны қылам, мұны қылам деп топалаң шығарады. Басқа жақтан еш жаман нәрсе келмейді, бәрі жақсы болады", - деді көріпкел Фируза Бадалова.

Ал астролог әрі нумеролог Индира Омарованың сөзінше, дәл сайлау болатын күн - Уран ғаламшарының өте баяу жылжитын соңғы тәулігіне тұп-тура келіп тұр. Индираның айтуынша, бұл күні адамдар энергиясын ұрыс-керіске жұмсап қояды. Сондықтан ол күні жаман ойдан аулақ болу керек екенін ескертеді.

"Бұл күні жер бетіндегі адамдар үшін өте қарбаласқа толы күн болады. Үлкен мүмкіндіктерді сәтті пайдалануға жол ашық. Бірақ энергиясын жағымсыз әрекеттерге жұмсап жіберу қаупі де көп. Сондықтан, әр қадамды ойланып басқан жөн. Ескі көзқарастан арылатын, жаңаша ойлауға мүмкіндік беретін жоғарыдан өзі сигнал келеді", - деді астролог-нумеролог Индира Омарова.

Сайлаудан кейін, яғни 11 қаңтар күні түске дейін адамдардың барлығы шаршаңқы күйде болса, түс ауа бойларына қайта қуат жинала бастайды екен. Астрологтар сол күні жолда абай болуды ескертеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста