Қазақстанда қатаң карантин шаралары қашан енгізіледі: Министр жауап берді
Қазақстанда карантин шараларын күшейту туралы түпкілікті шешімді мемлекеттік комиссия жақын арада қабылдайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында денсаулық сақтау министрі еліміздің алдағы уақытта коронавируспен қалау күресетіні туралы айтып берді. Төтенше жағдай жариялау туралы әлі нақты шешім шығарылмады, бұл жақын арада белгілі болады дейді ол.
"Эпидемиологиялық жағдайдың бизнеске әсер етуі, сондай-ақ өңірлерде қалыптасып жатқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біз бірнеше нұсқаны ұсындық. Карантин енгізу немесе қазір әзірленіп жатқан қатаң шектеу шаралары. Түпкілікті шешімді мемлекеттік комиссия таяу уақытта қабылдайды", - деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жаңа денсаулық сақтау министрі Алексей Цой президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавируспен күресудің сценарийлерін ұсынған болатын.
Осыған дейін министр Қазақстан дәріханаларына ингавирин мен терафлюдің қашан әкелінетінін айтқан болатын.