Қазақстанда сүндетке отырғызуға тыйым салу ұсынылды

Қазақстанда сүндетке отырғызуға тыйым салу ұсынылды

 Қазақстандық атеистер тобы мен Қазақстан мұсылмандар одағы сүндетке отырғызуға тыйым салу ұсынысын қолдауға шақырды. Олар бұл рәсім адам құқықтары мен абыройына нұқсан келтіреді деген пікірде. Бұл туралы NUR.KZ порталы ҚМО баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олар көне дәстүр адам денсаулығына зиян келтіріп, писхикаға ауыр әсер ететініне сенімді. Мұндай пікірді Қазақстан мұсылмандар одағының басшысы Мұрат Телібеков ортаға салды.

Атеистерді қазақстандық феминистер тобы да қолдап отырған көрінеді. Олар сүндетке отырғызу жігіттің сексуалдық өміріне кері әсер етеді және әйелдерді дискриминациялау болып табылады деген пікірде.

"Ешкім адамның қолын не аяғын қысқартуды ойламайды. Барлық дене мүшесі теңдей құнды. Адамның дене бөлігін кесіп тастап, біз оған нұқсан келтіреміз", - дейді әйелдер теңдігі қозғалысының белсендісі Бәтима Жексұрынқызы.

"Біздің қарсы болуымызды кез келген әйел түсінеді. Себебі біз үшін ер адамның денесінің әр миллиметрі қымбат. Ал мұнда бүтін бір сантиметрді алып тастайды. Бұл - қорлық көрсету", – дейді келесі белсенді Бибігүл Сұмырайғанова.

Қозғалыстың тағы бір белсендісі, медицина профессоры Алмагүл Алжығанова болса, сүндет пен адамның қатыгездігі арасында байланыс барын зерттеулер арқылы анықтағанын алға тартты.

"Терроризм және діни экстремизм - сүндеттің салдары. Статистика көрсеткендей, сүндеттелмеген азаматтар әлдеқайда демократияшыл әрі толерантты келеді", - дейді Алжығанова.

Ол сүндеттелген дене бөліктерін қалыпқа келтіру кампаниясын бастау үшін әлемде жоқ арнайы клиникалар ашуды ұсынды.

NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста