Қазақстанда хиджаб киюге қашан тыйым салынатыны белгілі болды
Көрнекі фото: nusra.info
Оның айтуынша, өзге елдің ұлттық киімін киетін негізінен Атырау, Ақтөбе мен Алматы облысының қыз-келіншектері. Қазір министрлік мамандары заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қолға алған. Құжат жылдың соңына дейін үкіметке ұсынылатын көрінеді.
"Елбасымыздың айтылған сөзінен кейін тиісті тапсырма келеді. Қазірдің өзінде бұл мәселе біз көңіл аударып, зерттеудеміз. Әрине, тыйым салына ма? Қандай түрде, қандай деңгейде салынады? Оның барлығын ойластыру керекпіз. Ал заңнамалық өзгерістерде қараймыз. Мемлекеттік органдардың пікірін жинақтап, сол кезде енуі мүмкін", - деді Бақытжан Күлекеев.
Еске салсақ, елде қыз-келіншектерге хибжаб киюге заңнамалық тұрғыдан тыйым салу туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 19 сәуірдегі дін өкілдерімен кездесу барысында айтқан болатын.
Nur.kz