Қазақстанда жанармай өндіру 15 пайызға артты

Қазақстанда жанармай өндіру 15 пайызға артты

 Қазақстанда 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында жанармай өндірісі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,1%-ға артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының статистикалық мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда 2014 жылдың сегіз айы ішінде 1,95 млн тоннадан астам жанармай өндірілген, оның ішінде, әуе жанармайы да бар.

Бұған қоса, 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында жермай өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 42,4%-ға өсіп, 65,8 мың тоннаға жетті.

Комитеттің мәліметінше, сегіз ай ішінде елімізде 3,25 млн тонна дизель отыны өндірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 4,9%-ға аз. Мазут өндірісі 7,4%-ға азайған - 2,37 млн тонна.

Бұған дейін елімізде қаңтар-шілде айларында жанармай өндірісінің 17,4%-ға артқаны хабарланған болатын. Бұл уақыт ішінде 1,48 млн тонна жанармай өндірілген. Айта кетейік, соған қарамастан, биыл жазда елімізде жанармай тапшылығы байқалған еді. Кейбір сарапшылардың айтуынша, тапшылық қараша айына дейін созылуы мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста