Қазақстанда жасанды жаңбыр тудыру мүмкін бе: Маман айтып берді

Қазақстанда жасанды жаңбыр тудыру мүмкін бе: Маман айтып берді

"Қазгидромет" РМК ғалым-маманы Нұрлан Абаев жасанды жаңбыр тудыру туралы айтып берді, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маманның айтуынша, жаңбыр тудырудың технологиялары өткен ғасырдың 40-жылдарынан бері белгілі. Бүгінгі таңда әлемде жауын-шашын мөлшерін көбейту технологиясы расыменде бар. Алайда, жауын-шашын жағдайлары жоқ жерде жасанды түрде жаңбыр жасау мүмкін емес көрінеді.

 
“Бұлттылықты ынталандыру арқылы жауын-шашынның ықтимал мөлшерін көбейтуге болады. Алайда бұлттарды немесе дымқыл ауа массасын бір жерден "алып келу" мүмкін емес. Яғни, белгілі бір аймақта жаңбыр бұлттары өтетінін біле отырып, сіз бұлттардан жауын-шашын мөлшерін көбейте аласыз. Солайша әр түрлі ғалымдардың зерттеуі бойынша, егер бұлттар дұрыс әсер етсе, онда жауын-шашын мөлшерін 10-15 пайызға арттыруға болады.

Қазір әлемде жаңбыр бұлттарын қалыптастыру технологиясы жоқ екенін айтып өткім келеді. Егер шөл далада жаңбыр жауса, онда табиғи жағдайлар осылай қалыптасты деген сөз. Сондай-ақ, Таяу Шығыстағы нөсер жаңбыр сияқты сирек құбылыстар бұрын орын алғанын және болашақта қандай да бір эксперименттік жұмыстар жүргізбестен белгілі бір синоптикалық жағдайларда байқалатынын атап өткен жөн”, – дейді маман. 

Жауын-шашынның мөлшерін тек жергілікті, аз мөлшерде көбейтуге болады. Бірақ жаһандық деңгейде мұндай процестерді жүзеге асыру мүмкін еместігін айтты маман.  

“Табиғи процестерде қамтылған энергия өте үлкен екенін атап өткім келеді. Сондықтан жаңбыр жауып, желдің сипатын аймаққа су буын әкелетіндей етіп өзгерте алатын немесе қауіпті табиғи құбылыстарды толығымен жоя алатын бұлтты жүйелер құру мүмкін емес. Яғни, қазіргі уақытта адам өте әлсіз. Біз табиғатпен бәсекелесе алмаймыз. Сонымен қатар, мұндай жұмыстар тәуекелдермен байланысты және олардың нәтижелері күмәнді болуы мүмкін. Кез келген экспериментте күтілетін пайда, тәуекелдер мен оңтайлы әдістер, сондай-ақ ықтимал салдарлар туралы сарапшылардың қорытындысы болуы тиіс", – дейді Нұрлан Абаев.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста