Қазақстандағы қымбатшылыққа Ресейдегі ахуал әсер етіп отыр – ҚР Ұлттық банкі

Қазақстандағы қымбатшылыққа Ресейдегі ахуал әсер етіп отыр – ҚР Ұлттық банкі

ҚР Ұлттық банкінің дерегінше 2023 жылдың қаңтар айындағы айлық инфляция 1,1%-ды құрап, тұтыну тауарлары мен қызмет бағасының жылдық өсуі 20,7%-ға дейін қарқын алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Бас банк азық-түлік тауарларының арасында нан-тоқаш өнімдері мен жармаға, соның ішінде Ресей тарапынан туындаған сұраныстың артуына байланысты күріш бағасы үздіксіз өскенін хабарлады.

«2023 жылғы қаңтарда азық-түлік тауарларының жылдық инфляциясы 25,7%-ға дейін жеделдеді (2022 жылғы желтоқсанда – 25,3%). Нан-тоқаш өнімдері мен жарма бағасы да тез өсті. Ресей тарапынан жоғары сұраныс пайда болып, күріштің  39,6%-ға қымбаттағаны сезілді», - деліген ҚР Ұлттық банкінің дерегінде.
Елдің оңтүстік аймақтарындағы төмен температура мен егіннің бір бөлігі жоғалғандықтан жаңа піскен көкөністер 2022 жылдың қазан айында 7,1%-дан 2023 жылдың қаңтарында 21%-ға дейін, атап айтқанда, қияр (22,3%-дан 55,6%-ға дейін) және пияз (13,6%-дан 62,4%-ға дейін) айтарлықтай қымбаттаған.

Бірінші сұрыптағы жұмыртқа бағасын субсидиялау тоқтатылғаннан кейін бағаның жылдық өсу қарқыны 2022 жылғы тамыздағы 7,9%-дан 2023 жылғы қаңтарда 25,8%-ға дейін өскен. Ал ішкі қант өндірісінің айтарлықтай өсуіне байланысты бесінші ай қатарынан арзандап келеді.

Сондай-ақ импорттық  үлесі жоғары тауарлар да қымбаттап отыр. Тасымал тарифі өскендіктен көмірдің бағасы шарықтады. Сұраныс артып, қосалқы бөлшектер қымбаттағандықтан автомобильдердің де құны өсті деп түсіндірді бас банк.

«Импорттық тауарлар тобында аяқ киім мен киімнің (18,2%), үй тоқыма бұйымдарының (16,4%), жуу және тазалық құралдарының (51,5%), құрылыс материалдарының (25,7%) және дәрі-дәрмектің (15,6%) қымбаттағаны байқалды. Сонымен қатар, Ресей нарығынан негізгі өндірушілердің кетуіне және логистикалық жеткізу тізбегінің бұзылуына байланысты Ресейден орындалатын жеткізілімдердің саны қысқарып, бір жылдан астам уақыт бойы жеке тауарлардың бағасы өсуін жеделдетті», - деліген Ұлттық банктің есебінде.
Ақылы қызметтер құрылымында интернет үшін абоненттік төлем, сондай-ақ автомобиль мен теміржолда жол жүру ақысы өсті. Мәселен теміржол жол ақысы 24,7%-ға, такси ақысы 12,2%-ға өскен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста