Қазақстандық десантшы курсанттар оқу барысында парашютпен 25 мәрте секіреді

Қазақстандық десантшы курсанттар оқу барысында парашютпен  25 мәрте секіреді

Қазақстандағы бірден-бір жоғары оқу орны Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты кадрлық әскери қызметші десантшыларды түлетіп шығарады. Қазіргі уақытта десантшы курсанттарды оқыту үшін Әскери институтта жеке кафедра құру туралы мәселе қаралуда.
«Әуе-десанттық әскерлер және әскери барлау» факультетінің түлектері Қарулы Күштер мен еліміздің әртүрлі ведомстволық құрылымдарында қызмет өткеруде. Олар дене түрғысындағы жүктемелерді, жүйке-психикалық күйзеліс пен оқу-жауынгерлік қызметтің қолайсыз факторларына төзімді болып келеді. Армиямыздың жарақтандырылуындағы қару мен жауынгерлік техниканы меңгерген.
Оқу кезеңінде орташа есеппен курсант парашютпен 21-26 секіру жасайтынын айта кетейік. Секірулер ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әскери-көліктік авиациясының Ан-2, Ан-12 ұшақтары және Ми-8 тікұшағынан орындалады.
Дене даярлығы – десантшы офицерлерді оқыту мен тәрбиелеуде маңызды және ажырамас бөлік болып саналады. Спортпен шұғылдану және сабақтарды өткізу үшін институтта спорт кешені бар. Онда курсанттар гимнастика, ауыр атлетика және қоян-қолтық ұрыс бойынша өздерінің шеберліктері мен машықтарын шыңдайды. Барлық десантшы курсанттар қоян-қолтық ұрыс бойынша көрсетпелі көрсетілімдерге қатысады. Сонымен қатар жүзу хауызы бар. Қазіргі сәтте ол хауызда жеңіл сүңгуірлік керек-жарақта сүңгуді пысықтау жөнінде мәселе қаралуда.
«Әуе-десанттық әскерлердің тактикасы», «Әскери барлау» оқу пәні бойынша практикалық сабақтар Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-жаттығу орталығында өткізіледі. Өзге мамандықтардың курсанттарынан айырмашылығы оқу-жаттығу орталығына бару және институтқа кері қарай қайту тактика және әскери барлау бойынша оқу сұрақтарын пысықтай отырып, жаяу жүріс тәртібінде іске асырылады.
Оқыту бағдарламасы адами десанттық парашюттерді, парашюттік-десанттық ыдысты және әуе-десанттық дайындық жөніндегі сабақтарды өткізу әдістемесін зерделеуде негізделеді. Факультет түлегі әртүрлі мамандықтағы сарбаздарды парашюттік секіруді орындауға даярлай алады, материалдық бөлікті біледі, жеке құраммен әуе-десанттық даярлық жөніндегі сабақтарды өткізе алады.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста