Қазақстандық кемеге тиелген Украина астығы жайлы ҚТЖ мәлімдеме жасады
Қазақстан Темір жолы Украинадан Түркияға астық тасымалдаған қазақстандық кемеге қатысты жаңа мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
1 шілдеде БАҚ-та Украина Бас прокуратурасы жүк кемесін ұстау және қамауға алу туралы өтінішпен Түркияға жүгінгені туралы ақпарат пайда болды. ҚТЖ бұл өтініштің растығын Украинаның уәкілетті органдарымен бірге тексеріп, екі елдің елшілерімен кеңесіп жатқанын айтты.
Ұлттық компания астық сату жөніндегі мәміле эстониялық Mangelbert OU компаниясы мен түрік тарапы арасында жасалғанын атап өтті. Сатушы Еуропада тіркелген компания екені анықталды. Ол мәміленің заңды екенін растады.
"Жағдайды түсіндіру және халықаралық құқық нормаларының бұзылуын болдырмау мақсатында ҚТЖ кемені жалға алушыға барлық растайтын құжаттарды (келісімшарттар, сертификаттар, ҚТЖ халықаралық құқық нормаларын сақтауға өз міндеттемесін сендіреді", – деп атап өтті компания.
Еске салсақ, Украина Түркияда астықпен жүзіп келе жатқан ресейлік "Жібек жолы" кемесін ұстап, тоқтатуын сұраған еді.