Қазақстандық жұлдыздар «Өзіңнің дабыл шабаданыңды көрсет» челленджін бастады
Белгілі қазақстандық әртістер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Өзіңнің дабыл шабаданыңды көрсет» челленджін бастады. Алғашқылардың бірі болып әншілер Бүркіт пен Аиша төтенше жағдай немесе жер сілкінісі кезінде қажетті заттар салатын «дабыл шабаданын» көрсетті.
«Соңғы жер сілкінісінен кейін біз «дабыл шабаданымызды» жинауға кірістік», - дейді Аиша.
Бүркіт шабадан ішіндегі термос, зарядтау құрылғысы, шам, жылы киімдер, оттық, спирт, батарея т.б. көрсетті. «Достарым мен әріптестерім төтенше жағдайға дайын ба?» деп сауал қойған жұлдызды жұп дабыл шабаданын көрсетуге шақырды. Әншілер әріптестерінен челленджді жалғастыруды сұрады.
Челленджді әнші Нұрлан Албан және Анар Батырхан қолдады, олар дабыл шабаданын көрсетіп, Мөлдір Әуелбекова, KeshYou тобы, Луина және т.б. әріптестеріне челлендж жолдады.
Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті де челленджді қолдайды және тұрғындарды төтенше жағдайға дайын болуға шақырады.
Департамент мамандары «дабыл шабаданында» қандай заттар болуы керектігін айтты:
- ақша,
- құжат;
- алғашқы медициналық көмек қобдишасы;
- бір адамға есептелген су – қыста тәулігіне 3-4 литр (жазда 5-6 литр);
- консервілер, жоғары калориялы тағамдар;
- гигиена құралдары;
- жылы киім,
- көрпе;
- қажетті заттар - шам, батареялар, сіріңкелер, құралдар, ысқырық).
Айта кетейік, Алматы қаласы жыл сайын 200-ге дейін жер сілкінісі болатын 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Сол себепті әр азаматтың төтенше жағдайға және одан кейінгі әрекетке дайын болғаны жөн.