Қазақстандықтар Конституция күніне орай қанша күн демалады?
Конституция күніне орай қазақстандықтардың жұмыс күндері өзгереді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
22 тамыздан бастап қазақстандықтар үшін ұзақ жұмыс аптасы басталады. Яғни, мерекелердің кейінге шегерілуіне байланысты қазақстандықтар алты күн жұмыс істейді. 30 тамызда Қазақстан Конституция күнін атап өтеді.
Биыл бұл атаулы мереке сейсенбіге дөп келеді. Сондықтан 29 тамыздағы жұмыс күні 27 тамызға ауыстырылды.
Осылайша, бес күн жұмыс істейтіндер үшін 27 тамыз – жұмыс күні. Ал 28, 29 және 30 тамыз демалады.
Алты күндік жұмыс аптасы бойынша қызмет ететіндер үшін 27 тамыз – жұмыс күні, 28 тамыз – демалыс күні, 29 тамыз – жұмыс күні, 30 тамыз – демалыс күні.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу