Қазақстандықтар наурыз айындағы мерекелерде 6 күн демалады
ҚР Үкіметі демалысты 2015 жылдың 5 наурызынан 7 наурызға ауыстыру туралы қаулыны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
2016 жылдың наурызында еңбек етіп жатқандардың демалысына қолайлы жағдай жасау және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасы үкіметі демалыс күнін 2016 жылдың сенбісі 5 наурызынан 2016 жылдың 7 наурызына, дүйсенбі күніне ауыстыру туралы қаулы қабылдады. Сонымен қатар, қазақстандықтар 8 наурызда - Әйелдердің халықаралық күнінде демалады.
"Еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға қажетті өнімді шығаруға, қызметті ұсынуға, қаржы қызметтерін ұсынуға, сонымне қатар құрылыс нысандарын іске келтіруге 2016 жылдың 7 наурызында жұмысты ұйымдастыруға кәсіподақ ұйымдарымен келісу бойынша құқық беріледі. Бұл күнгі жұмыстың өтемі Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасына сәйкес жасалады", - делінген хабарламада. Мерекелер күнтізбесіне сәйкес, қазақстандықтар 2016 жылы 121 күн демалады.