Қазақстанның ақылы жолдарында жылдамдықты бақылау камералары орнатылады
ҚР Индустрия министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков ведомствоның еліміздегі барлық ақылы жолдарды жылдамдықты бақылау камераларымен жабдықтау жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство өкілінің айтуынша, республикалық маңызы бар жолдарда жүріп келе жатқан көліктердің жылдамдығын түсіретін бейнекамералар орнатыла бастаған. Негізінен ақылы жолдарда.
"Бүгінде бізде 2200 шақырым ғана ақылы жол бар. Енді осы камераларды жылдамдықты өлшеу үшін пайдалануды жоспарлап отырмыз. Біз оларды Ішкі істер министрлігімен байланыстырғымыз келеді. Камера жүргізушінің жылдамдығын көрсетеді. Бүгінде Астана – Бурабай тас жолындағы осындай камералар жылдамдықты асырғандарды тіркеп жатыр. Жүргізушілерге айыппұл түсіп үлгерді".
Амангелді Беков