Қазақстанның Қарулы Күштері осал емес

Қазақстанның Қарулы Күштері осал емес

Мамырдың 3-4-і күндері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келіп қайтты. Ресми сапардың алғашқы күні лауазымды қонақтар Қарағанды іргесіндегі Көкөзек қолатындағы әскери гарнизонда болды. ҚР қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Мемлекет басшысын әскери гарнизон құрамының жауынгерлік әзірлігімен және ішкі құрылымымен таныстырды. Бас қолбасшы №50185 әскери бөлімнің жауынгерлік кезекшілікте тұрған авиациялық техникасын, техникалық зертханасын аралады, сондай-ақ ел Президентіне МиГ-31 ұшағының жұмыс регламенті мен осы ұшақтың кешенді-тренажері көрсетілді. Елбасы Қазақстан әскерінің жұмылдыру резервін дайындау шараларымен де ішінара танысты. Бұрынғы «Спасск» зауыты жұртында өткізілген оқу-жаттығу шаралары барысында Бас қолбасшыға жауынгерлердің оқу кластары мен оқу-материалдық базасы көрсетілді.
Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында облыс орталығындағы Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусының түлектерімен жүздесті.
Сонымен бірге, содырлар шабуылының алдын алуға қа­тыс­ты арнайы тактикалық жаттығулар да өткізілді. Әскерлердің так­тикалық қимылдары барысында взводтың блок-бекетке шо­ғырлануы, десант түсіру, резервтегі бөлімшелердің шабуылы пы­сықталды. Елбасы әскерилерге Отан қорғаушылары күні қар­саңында ертеңгі күнге деген нық сенім керектігін баса айтты. Мем­лекет басшысы ел тыныштығы күзетіндегі азаматтарға әс­ке­ри ант пен борыштарына адалдықтары үшін алғыс сезімін жет­кізді, өз қызметтерін үлгілі атқарған үш әскери қызметкерге өз қолтаңбасымен алтын сағат сыйлады.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы:
– Біздің жеріміз аса үлкен бол­ғанымен, бізге саны соншама көп әскер керек емес. Бізге жоғары дайындықты, білімді, қаруланған әскер керек. Қазіргі таңда біздің қарулы күшіміз осал емес. Офицерлердің қатары нығайып, молайып келеді. Жастардың әскери қыз­метке қызығуы мені қуантады. Қазір Қазақстанда әскери қызмет беделі жоғары. Бізде әлем елдерінде бар барша әскери бөлімдер бар. Патриоттық рух тәрбиесінде алға басушылық мені қуантады.
Елбасы сапарының екінші күнгі жұ­мыс бағдарламасымен ат басын тіреген басты нысаны Облыстық қан орталығы болды. Облыстық денсаулық сақтау бас­қар­масының бастығы Ерденбай Әбіл­қасымов дәрігерлер қауымы атынан Ел­басыға денсаулық сақтау саласына деген қамқорлығы үшін алғысын біл­дір­ді. «Аймақта медициналық мекеме­лер­дің желісі дамып келеді, олардың мате­риал­дық-техникалық базасы нығай­тылып, ме­ди­циналық практикаға диагностика мен емдеудің жаңа технологиялары енгі­зілу үстінде. Осының бәрі тұрғын­дардың ден­саулығын жақсартуға мүмкін­дік берді. «Сіз бекіткен «Саламатты Қазақ­стан» бағ­дар­ламасында белгіленген мақсат­тарға жету жолында алға ілгерілей беретін боламыз», – деді ол ел Президентіне.
Қан орталығының директоры Владимир Лактионов Мемлекет басшысына осы медициналық мекеменің жұмысы туралы айтып берді. Нұрсұлтан Әбішұлы донорларды іріктеудің алғашқы кезеңі болып табылатын ақпараттық тіркеу жүйесімен танысты. Қан дайындау бөлімшесін, плаз­моферез бен плазмоцитоферез залда­рын, сондай-ақ қан тоқтатуға және жара ор­нының тез бітуіне арналған фибрин желі­мі әзірленетін зертхананы көріп шық­ты.
Бұл орталықтың құрылысы Қарағанды облысының емдеу-профилактикалық мекемелерін донорлық қан компоненттері мен препараттарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ донорлық қанның жасушалы элементтерін және қан алмастырғыш қорын сақтау қажеттілігінен туындаған бо­латын.
Орталықтың ерекшелігі қазіргі заман­ғы халықаралық талаптарға сай келетін жоғары технологиялық диагностикалық құралы, сондай-ақ қан мен оның компоненттерін сақтайтын терможабдығы, қан арқылы берілетін инфекцияны анық­тайтын жүйе тестісі бар бірегей кешен екендігінде жатыр.
Қанды жинақтаудан бастап дайын өнім шығарып, оның деректерін орталықтың бірыңғай ақпараттық жүйесіне берген­ге дейінгі барлық кезеңдер тұрақты авто­маттандырылған бақылауда ұстала­ды. Бұл талапқа сай келмейтін өнімді қолданудың алдын алады. Сонымен қатар, дайындау үдерісі адамның қатысуынсыз жүзеге асырылады. Орталықта донорларды қабылдау үшін қолайлы жағдайлар жасалған.
Қан орталығының жұмысымен таныс­қан соң Мемлекет басшысы оның қыз­мет­керлерін осынау аса маңызды меди­циналық мекеменің ашылуымен құттық­тап, барша облыс тұрғындарының игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.
Ресми қонақтар облыс орталығындағы «Эргономика» ғылыми-өндірістік фирмасында және өзге де әлеуметтік нысандарда болды.

Дерек-дәйек
Облыста Президент Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Үш айдың қорытындысы бойынша 310 млрд теңге сомаға өнім өндірілді, айғақты көлем индексі 107,7 % құрады. Облыс экономикасына 34,9 млрд теңге көлемінде инвестиция салынды немесе 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 154,5% құрады. Оның 22,6 млрд теңгесі – құрал-жабдықтарға, 11,6 млрд теңгесі құрылыс пен ғимараттардың күрделі жөндеуіне инвестицияланды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста