Қазақстанның сыртқы қарызы 22 трлн теңгеге жетті

Қазақстанның сыртқы қарызы 22 трлн теңгеге жетті

ҚР Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 22 трлн теңгеге немесе ЖІӨ-нің 27,4%-ына жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Сенат отырысында депутат Нұрлан Бекенов мәлімдеді. Еліміздің Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында ол мұндай қарыздарды пайдалануда тиімділік деңгейі төмен екенін атап өтті.

«Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 22 трлн теңгеге немесе ЖІӨ-нің 27,4%-ына жетті. Үкіметтің сыртқы борышы, мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың кепілдік берген сыртқы борышы 37 млрд АҚШ долларын құрады, бұл Ұлттық қор активтерінің 67%-ын құрайды және шекті мәнге жақындап келеді. Ұлттық қорды қарыздарды өтеу бойынша кепілдендірілген резерв ретінде ғана қарастыруға болмайды деп ойлаймын», - деді Нұрлан Бекенов.

Сенатор қазіргі таңда жалпы сомасы 12,2 млрд долларды құрайтын 52 мемлекеттік сыртқы қарыз бар екенін атап өтті. Бұл ретте бар болғаны оның 80 пайызы игеріліп отыр. Депутат еліміздің сыртқы қарызының артуына ықпал ететін негізгі факторлардың қатарында тиімсіз пайдалану, қарыз ақшаға сұраныстың жоқтығы, несиенің бір бөлігін жою, сондай-ақ квазимемлекеттік компаниялардың ақшаны өндірістік емес мақсатқа тартуын атап өтті.

«ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес ұйымының өз қаржысы бола тұра 2017 жылы акционерлерге дивиденд түрінде беру мақсатында 300 миллион АҚШ доллары сомасын үш жыл мерзімге қарызға алды. Яғни, бұл қарыз дивидендтер төлеу үшін алынды. Бұл халықаралық қарыздарды жөнсіз жоспарлау мен пайдаланудың жекелеген мысалдары ғана», - деп атап өтті депутат.

Сенатор ағымдағы жағдайды жақсарту үшін сыртқы мемлекеттік қарыздардың тиімділігі мәселелері бойынша сенаторлардың мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор өкілдерімен кездесуі барысында әзірленген бірқатар жүйелі шараларды атап өтті. 

Олардың ішінде сатып алу үдерісіне және келісім-шартты басқаруға тұрақты мониторингті жүзеге асыру, одан әрі өзектілігін жою үшін әзірленіп жатқан жобалардың сапасын арттыру шаралары бар. Ол үшін сенатор қаржыландырудың ағымдағы бағыттарын жіті талдау, жобалық-сметалық құжаттаманың құнын нақты реттеу және экономиканың барлық салаларындағы шығындардың басымдықтарын белгілеу арқылы сыртқы қарыздарды тартуды маңызды деп санайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста