Қазақтілді контенттер озып келеді

Қазақтілді контенттер озып келеді

Соңғы уақытта елімізде қазақтілді контенттерді қолданушылардың саны артып келеді. Оған басты себептердің бірі лауазымды тұлғалардың әлеуметтік медианы тұрақты пайдалануы болып табылады. Бұл туралы бүгін Алматыда «Интернеттегі қазақтілді контентті дамыту жолдары» атты дөңгелек үстел барысында айтылды.
Қазіргі күні қазақтілді контент­терді пайдаланушылардың саны 5 миллион адамға жетті деген ресми дерек бар. Сонымен бірге қазақша жазып, түсінетін елімізде 7,5 миллионнан астам адам бар екен. Осыған қарап қазақтілді контент­тердің жылдам дамып келе жат­қанын байқауға болады. Жиын­ға келген ма­мандардың айтуынша, мұндай оң үрдістің қалыптасуына бірнеше фактор әсер етіп отыр. Біріншіден, ағымдағы жылдың нау­рыз айында болған блогшы­лардың құрылтайы блоггерлерге тың серпін беріп, жаңа бастамаларды қолға алуына ұйытқы болды. Қазіргі күні елімізде 500-ге жуық қазақтілді блогшы бар. Екіншіден, де­путаттар, басқа да лауазымды тұлғалардың әлеуметтік медиа желіні пайдалануы қарапайым халықтың контенттерге деген қызығушылығын тудырды. Мысал ретінде Кәрім Мәсімов, Болат Әбенов, Бекболат Тілеухан сынды лауазымды тұлғалардың үнемі әлеуметтік медиа желіде халықпен хабар алмасып тұруын атасақ болады. Бұл өз кезегінде халықтың виртуалды түрде саяси оқиғаларға қатысуына да мүмкіндік тудырып отыр. Ал сапа туралы сөз қозғар болсақ, контенттердің сапа­сы әртүрлі. Мәселен, бүгінгі таңда мемлекеттің қолдауымен жасалған, сол секілді жеке энтузиас­тардың қаржылық ұйым­дармен бірлесіп жасаған кон­тенттері бар. Бұлар­дың ішінде, әрине, қаржылық топтармен бірлесіп жасалған, контенттердің сапасы жақсы болады. Ал жеке энтузиас­тардың жасаған контенті сапасы жағынан орташа болғанымен, онда халыққа керекті көп дүниелерді табуға болады. Мұндай контенттер ақпараттық жаңару жағынан ал­дыңғы орынды алады.
Асхат ЕРКІМБАЙ, ұйымдастырушы:
– Қазақтілді контенттердің дамып келе жатқандығы айтылды. Енді әрбір блогшы болсын, интернетті пайдаланушы болсын өздерінің құқықтарын жақсы білуі керек. Сондай-ақ қазір интернетті реттеуге байланысты неше түрлі пікірлер айтылып жатыр. Менің ойымша, интернетті реттеген дұрыс, бірақ ол реттеу бақылауға, одан кейін күш қолдануға ұласып кетпеуі керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста