"Қазақтың Илон Маскы": Түркияда қаза тапқан Мирболат Құрмашев жайлы не білеміз

"Қазақтың Илон Маскы": Түркияда қаза тапқан Мирболат Құрмашев жайлы не білеміз

Түркияның Хатай провинциясындағы Антакья қаласында үйінді астынан денесі табылған қазақстандық Мирболат Құрмашев еліміздің үздік IT-мамандарының бірі болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Мирболат Құрмашев Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті болды. Ағасы Алматтың айтуынша, жер сілкінісі кезінде Мирус достарымен және әріптестерімен контент түсіріп жүрген.

 

Оны жұрт "қазақтың Илон Маскы" деп атайтын. Ол бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы стартаптардың идеялық бастамашысы болды.

 

ҚР цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, ол жоғары оқу орнында Мирболатпен бір курста оқыған.

 

«Соңғы үміт оты сөнді. Сенгім келмейді…Соңына дейін үміттеніп едік. Алайда Мирус (Мирболат Құрмашев - авт.) бауырымыздан айырылып қалдық. Мирус екеуіміз курстас болдық. Ол өте креативті еді, ауқымды дүниелер жасағысы келетін, тартымдылығының арқасында адамдарды ұйымдастыра алатын. Дінге берік адам еді. Мағжан Астана хабты құру бойынша алғашқы қадамдарын бастағанда ол көп көмек етті, тегін, ешқандай келісімсіз. Қолынан келгенін істеп, Қазақстанның IT-саласын дамытуға үлесі мен көмегін қосты. Қазақстанда оның бірнеше бизнес бастамалары болған, 2020 жылы мемлекеттің қатысуымен бір-екі жобаны іске асырғысы келді. Бірақ Мемлекет басшысы мені министр етіп тағайындаған кезде ол жобалардан өз еркімен бас тартты», – деп жазды министр желідегі парақшасында.

 

Мусиннің сөзінше, Құрмашев жиһанкез болған. Әлемнің біраз елін аралап, кейіннен тұрақталу үшін Түркияны таңдап, соңғы екі жыл сонда тұрыпты.

 

«Президенттің Анкараға ресми сапарының алдындағы қазақстандық IT-мамандарының сол жаққа барғанын бәріңіз білетін шығарсыздар. Біз сол кезде оларды Стамбулдың бірнеше ірі IT-компаниясына апарған едік. Мирус осы іс-шараның негізгі ұйымдастырушысы болды. Біз оған Астана Хабтың өкілі болуды ұсындық, өйткені екі мемлекеттің хабтары мен мамандарын жақындастыратын адамның болуы маңызды еді. Студенттік кезден де біраз жақсы естеліктер бар, жақын араласқан жолдастары оларды айтып жатар деп ойлаймын. Иманды болсын! Жаның жәннаттан орын тапсын бауырым», - деді Бағдат Мусин.

 

Еске салсақ, бүгін таңға жақын Түркияда жоғалған қазақстандық Мирболат Құрмашевтің денесі табылды.

 

Оны құтқару үшін үйіндіні аршу жұмыстары кеше түс ауа басталған болатын.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста