Қазақтың мерейін арттырған КАТЕV

Қазақтың мерейін арттырған КАТЕV

Бүгінде қазақ-түрік лицей­лерінің білім беру сапасына ешкімнің шүбә келтірмесі анық. Шыны керек, аталған оқу орын­дарын тәмамдаған жастардың бойында білім ғана емес, мәде­ниет те барынша байқалады. «Қазақ­стан­ның болашақ интеллигенциясы осы-ау!» дейтін кездер де жоқ емес. Осы қазақ-түрік лицейлеріне қамқорлық көрсететін КАТЕV Халықаралық қоғамдық қорының 20 жылдық қызметі ішінде сол ин­тел­лиген­ция қалыптасып та үлгерді. Біз оны қордың мерей­тойы­на арналған «Болашаққа бастаған жарқын 20 жыл!» атты салтанатты жиында анық байқадық.
Қазақстан мен Түркия арасындағы қа­рым-қатынастың Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дарынан бастап қарқынды дамып келе жатқаны баршаға белгілі. Бауырлас түрік ағайындарының қазақтың егемен­дігін бі­рін­ші болып танығаны былай тұрсын, олар ке­ңес­тік жүйеден есеңгіреп шыққан еліміздің білім беру саласын көтеруге жұмыла кірісті. Дәл сол кезде қазақ-түрік лицейлері кіретін КАТЕV Халықаралық қоғамдық қоры құрыл­ды. Бүгінде ол лицейлердің ұзын саны 28-ге жетті. Бұдан басқа, Астана мен Өскеменде «Нұр Орда» халықаралық білім кешені, Ал­маты және Тараз қалаларында – колледждер, ал Алатаудың баурайында Сүлеймен Деми­рел атындағы университет жұмыс істейді. 20 жылдың ішінде қазақ-түрік ли­цей­лерінің шәкірттері сан алуан білім бәсе­келерінде 10 мыңнан (!) астам медальға ие болған. Ондай жетістікпен Қазақстандағы кез келген оқу орны мақтана алмайды. Ал соңғы оқу жы­лында Назарбаев универ­ситетіне түскен­дердің басым бөлігі – осы қа­зақ-түрік лицейі­нің түлектері екенін ескерсек, ол жердегі білімнің дәрежесін сөзсіз-ақ түсінуге болады. Оны Президент Н.Назар­баев та жақсы біледі. Сол себепті КАТЕV Халықаралық қоғамдық қорының 20 жылдық мерейтойына орай өзінің құттық­тау хатын жолдады. «Бүгінде Қазақстан мен Түркия елдерінің стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілген тарихи тамы­ры, ортақ мәдени байланыстары екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамуына игі ықпал етеді. Қазақ-түрік лицейлері мен Қордың басқа да оқу орындарының қазіргі табысты қызметі осы достық пен ынты­мақтастықтың жарқын дәлелі. Лицейлер оқушыларының көп тілде білім алуының өткен жылдардағы оң тәжірибесі, олардың үздік сабақ үлгілері мен бәсекеге қабілеттілігін айқын көрсетіп отыр. Шәкірттердің тек соңғы бес жылдың өзінде халықаралық олим­пиадалар мен ғылыми сайыстарда 220 алтын, 304 күміс, 421 қола медаль жеңіп алғаны зор мақтаныш екені сөзсіз. Білім ұясының түлектері кәсіби білікті жоғары ма­ман болып қалыптасып, ел эконо­микасының дамуына және Қазақстан мен Түркия халық­тарының арасындағы бауыр­ластық байла­ныстарды дамытуға лайықты үлестерін қосатынына сенімдімін», – дейді Мемлекет басшысы.
– Түркия президенті Абдолла Гүл де КАТЕV Халықаралық қоғамдық қорының қызметін үнемі назарда ұстайтынын жеткізді. «Мен қордың оқу-ағарту саласындағы жұмыс­тарымен жақын танысып, жетістіктеріңізге қарап, бір марқайып қалдым. Осы жұмыстың арқасында, біріншіден, Қазақстанның, ол арқылы ұлы түркі дүниесінің болашағы – көзі ашық, көкірегі ояу саналы ұрпақты тәрбиелеп жатырмыз. Екіншіден, сіздер тамыры бір екі ел – Түркия мен Қазақстан арасындағы қа­рым-қатынастың, бауырластық пен екіжақты келісім­нің дамуына үлкен үлес қосып келесіздер. Сол істеріңізге сәттілік тілеймін!», – делінген А.Гүл­дің құттықтау хатында.
КАТЕV Халықаралық қоғамдық қорының Астанадағы 20 жылдық мерейтойына жинал­ған жұрттың қарасы көп болды. Осы уақытқа дейін қордың дамуына өз үлесін қосып, ерен еңбек еткен ұстаздар тиісті марапаттарын алды. Біз болсақ, бауырлас түрік ағайын­дарымыздың ізгі ниетіне тағы бір рет тәнті болып қайттық.
Ата Мехмет МЕСУТ, КАТЕV Халық­аралық қоғамдық қорының президенті:
 – Бүгінде 28 лицей, екі колледж, «Нұр Орда» халықаралық мектебімен қоса, Сүлей­мен Демирел атындағы университеті Қазақ­станның білім кеңістігінде өз орнын алды. Біздер үшін бұл – зор қуаныш. Ал осы қуа­ныш­ты сыйлаған Тәуелсіз Қазақ елінің жасам­пазы, түрік дүниесінің ақсақалы, Пре­зидентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевқа шексіз алғысымызды айтамыз. Сондай-ақ ұстаз­дарымызға бауырмалдықтың қандай болу қажеттігін көрсеткен қазақ халқына, әсіресе бізге өз балаларын сеніп тапсырған ата-аналарымызға өз ризашы­лығымызды білді­реміз. Әрине, қазіргі бәсекелестік зама­нында оқушыларға білім беріп, жүректеріне ұлттық құндылықтарды себе білген, сондай-ақ көптеген халықаралық олимпиадаларда Қазақ елінің көк Туын желбіретіп, дарынды­ларды тәрбиелегені үшін ұстаздарымызға мың алғыс. Бір кездері әлемнің ұстазы атанған әл-Фарабиді, әл-Бируниді, Абайды өсірген бұл қасиетті топырақта дәл сондай тұлға­ларды неге қайта тәрбиелемеске? Түркінің текті ұлдары әлемнің білім кеңістігінде өзінің лайықты орнын алуы тиіс қой. Біздің негізгі мақсатымыз да соған саяды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста