Қазгидромет еліміздің бірнеше өңірінде қатты ыстық болатынын ескертті

Қазгидромет еліміздің бірнеше өңірінде қатты ыстық болатынын ескертті

Қазгидромет 1 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Антициклон жырасы әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі сақталуда, батыста, оңтүстікте – шаңды дауыл күтіледі.

 

«Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында өте қатты ыстық болады деп күтілуде. Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі», - деп жазды синоптиктер.

 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

 

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау, Қарағанды облыстарының шығысында, Павлодар облысының шығысында, орталығында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Жамбыл облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтілуде.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста