«Қазгидромет» мамандарының жалақысы өседі - Экология министрі
Биыл «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің еңбекақысы артады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова өзінің Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
"Қазгидромет" қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін қаражат бөлуге қол жеткіздік. Биыл олардың жалақысы 26-дан 111%-ға дейін өседі. Бүгін Сенат «Республикалық бюджетті түзету туралы» Заңды қабылдады. Онда «Қазгидромет» қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қаражат қарастырылған. Соңғы екі ай бойы кәсіпорын бюджетін ұлғайтуды сұраған едік», - деп жазды Зүлфия Сүлейменова.
Министр ведомство тарапы орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінің де жалақысын көтеру үшін де жұмыстың жүріп жатқанын айтты.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу