Қазіргі орташа жалақыға бір жыл бұрынғы қолжетімді тауар мен қызметтерді сатып алу мүмкін емес – Мәжіліс депутаты

Қазіргі орташа жалақыға бір жыл бұрынғы қолжетімді тауар мен қызметтерді сатып алу мүмкін емес – Мәжіліс депутаты

Үкімет халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдады. Қазақстан өндірістік бағытта артта қалып келеді. Салдарынан кіріс көлемі тиісті деңгейде ұлғаймай отыр. Бағдарламада бұл мәселені жүйелі түрде шешуге бағытталған шаралар қарастырылмаған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров Үкімет төрағасы Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында айтты.

 
«Біз бизнесті қолдау, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету, түрлі салалар мен өңірлерді дамыту саласындағы түрлі бағдарламалық құжаттардан жинақталған бағдарламаны көрдік. Біріншіден, салалар бойынша халықтың табысына, жалақының төмен болу себептеріне, кәсіпкерлік кірістерге нақты талдау жасалмаған. Қоғамға түсінікті нақты мақсаттар жоқ. ЖІӨ-дегі жалақы үлесі азаматтарға қажетті дүние емес. Бұл – бар болғаны макроэкономикалық көрсеткіш. Біз қазақстандықтар үшін табыстың қандай көлемі қолайлы екенін анықтауымыз керек. Орта таптың мұқтаждықтарын ескеруіміз қажет. Бағдарламада бұл туралы ештеңе жоқ, яғни халық табысының қалай өсетінін түсінбейді», -  деді депутат.
Ресми деректер бойынша, қазіргі уақытта орташа жалақы 285 мың теңгеден асты. Айқын Қоңыров бұл сомаға бір жыл бұрынғы қолжетімді тауарлар мен қызметтердің көлемін сатып алу мүмкін еместігін айтты.

«Бағдарламада 2023 жылға қарай орта медициналық персоналдың орташа жалақысын 250 мың теңгеге дейін ұлғайту көзделген. ЖОО студенттердің шәкіртақысы 2 есе, магистранттар мен докторанттарды 1,5 есе ұлғайту жоспарланған, бірақ мұның бәрі – 2020 жылғы деңгейге қатысты. 2020 жылдың басында бір доллар 375 теңгені құраса, қазір – 440 теңге. Баға деңгейі сәйкесінше өзгерді. Сондықтан стипендиялардың жоспарланған өсуі, шын мәнінде, аса өзгеріс берген жоқ», - деді Қоңыров.
Сонымен қатар депутат бағдарламада ең бастысы, өндірісті арттыруға бағытталған және осы салада жоғары жалақыны қамтамасыз етуге арналған шаралардың жоқ екенін атап өтті.

«Тұтастай алғанда, Үкімет қабылдаған құжат, әрине, қажет, ол нақты кірістердің төмендеуіне жол бермейді. Бірақ сонымен бірге, оны халықтың табысын түбегейлі өзгертуге қабілетті жүйелік механизм деп тануға болмайды», - деді Айқын Қоңыров.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста