«Қазіргі жастарды білімсіз, талантсыз деп айту дұрыс емес»: «AMANAT» партиясы «Ұрпаққа аманат» қоғамдық дәрісін өткізуде

«Қазіргі жастарды білімсіз, талантсыз деп айту дұрыс емес»: «AMANAT» партиясы «Ұрпаққа аманат» қоғамдық дәрісін өткізуде

Қазіргі қоғамда түрлі ақпараттық форматтар бар. Тіпті қарапайым Тик-токтың өзін ұлттық мұрамен сабақтастырып, оны өскелең ұрпақтың тиімді құралына айналдыруға болады. Бұл туралы «AMANAT» партиясының «Ұрпаққа аманат» қоғамдық дәрісінде айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Жоба аясында оқушыларға дәріс айтып, Алаш зиялыларының есімдерін ұлықтағандардың бірі - «Қазақ газеттерінің» бас директоры, академик Дихан Қамзабекұлы.

«Бұл AMANAT партиясының ғылыми, білім саласындағы ағарту жобасы. Соның аясында бірнеше білім ордасындағы шараларға қатыстым. Мұндағы партияның мақсаты – мектеп, колледж, ЖОО білім алушыларына қазақтың белгілі тұлғаларын, оның ішінде Алаш қайраткерлерін мейлінше кеңірек, қазіргі елдің мүддесіне сай, елдіктің мүддесіне сай насихаттау», - дейді Дихан Қамзабекұлы.

Елордадағы №87 мектептің оқушыларымен болған кездесу барысында Дихан Қамзабекұлы «Алаш зиялыларының балалық шағы және шығармашылық еңбектерінің мұрасының қалыптасуы туралы» тақырыбында дәріс өткізді.

«Мұның мағынасы неде? Қазіргі жастарды білімсіз, талантсыз деп айту дұрыс емес. Олардың өздерінің бір шындығы, өз замандарының ырғағы бар. Бірақ қазіргі жастар ақпараттық ағын тым мөлшерден тыс болғандықтан, көбіне аз дерекпен көп дүниені білгісі келеді. Бірақ оның барлығы айналып келген кезде кітапқа, мұраны оқуға, сонымен бірге мұраны игеруге әкеледі. Бұл орайда «Олар соған қаншалықты дайын?» деген сұрақ туындайды. Менің балаларға айтқан дәрісімнің бағыты осындай болды», - дейді ол.
Дихан Қамзабекұлы балалармен болған кездесуде Ұлттық мұраның өз дәуіріндегі рөлі мен оның қиын-қыстау кезеңдегі қоғамға әкелген пайдасы туралы айтқан болатын. Сондай-ақ, академиктің сөзінше, мұндай тарихи құбылыстар бүгінгі буынға мотивация болуы тиіс.

«Бірнішіден мұра және бүгінгі жастар туралы айтып өткім келеді. Біздің елімізде көп мұра жасалды және бар. Біздің ғалымдар мүмкіндігінше тарихты тереңінен зерттеп, одан мотивация алуына да мүмкіндіктері бар. Өткен кезеңнің дәуірі қиын болды. Мәселен осыдан 100 жыл бұрынғы дүниені қарайтын болсақ, ол кезде оқу құралдары, оқулықтар болған жоқ. Бірақ бар дүниемен халықты ағарту, өркениет көшіне ілестіру, сонымен қатар халықтың сауатын арттыру деген мақсат болды. Ол кезде мерзімді басылып «Айқап» журналымен, «Қазақ газетінің» дүниеге келуімен ғана байланысты болды. Ал «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты» газеттері патша үкіметі кезінде белгілі деңгейде шектеулі ақпаратпен ғана шығарылған басылымдар. Яғни ұлттық дүниесіне, қоғамның ішкі және сыртқы сұранысына аса қатысы болған жоқ. Бірақ біз оларды да мұра ретінде қарастырамыз. Патша Үкіметі рұқсат бермесе де, сол кездің жастары қолжазба журналын шығарды. Мәселен Ғалия медресесінің шәкірттері «Садақ» журналын шығарды. Омбыдағы училищеде оқитын шәкірттер «Балапан» деген журналды шығарады. Оқушыларға осындай дүниелердің бәрін айтып, олардан «Бүгінгі күні сендер не жасай аласыңдар?» деп сұрадық. Оларда да мүмкіндіктер көп. Қазір түрлі ақпараттық форматтар бар. Тіпті қарапайым Тик-токтың өзін алған кезде, соны ұлтқа бағындырып, соған ұлттық мазмұнды енгізіп пайдалануға болады. Осыны сендер де жасай аласыңдар дегендей оларға ой тастадық», - дейді «Қазақ газеттерінің» бас директоры.
Десе де бүгінгі ақпараттық технологиялар заманында көп жастардың күнделікті жаңалықтарды газеттен емес, смартфоннан оқитыны рас. Бірақ мерзімді басылымдардың да өз артықшылықтары бар екенін ұмытпаған жөн.

«Бүгінде мерзімді басылымдарды жастар күнде оқиды деп айта алмаймыз. Өйткені жастар күнделікті смартфонды қолданатындықтан газет пен ақпараттық порталдың айырмасын білмей қалып отыр. Мәселен кітап бұл сараптай алатын, байыптай алатын, тереңдей зерттей алатын дүниелерді үйрететін құрал. Ал газет-журналдар сауаттылыққа, белгілі бір ойды тиянақты жеткізуге үйретеді. Ал қысқа ғана хабарлар адамның ойын дамытып жібереді деп айта алмаймыз. Сондықтан балалар оны өзінің жасына қарай түрлі газет-журналдарды оқып жүргені абзал», - дейді Дихан Қамзабекұлы.
Сонымен қатар, Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық колледжде ұйымдастырылған келелі кездесуде Алаш зиялыларының шығармашылықтары мен қоғамдағы рөлдері туралы айтылды. Бұл ретте әсіресе Мағжанның қазақ қоғамындағы саяси мәселелерді шығармашылық арқылы қалай сипаттағаны туралы сөз болды.

«Жеке тұлғаларға байланысты айтар болсам, мен Мағжанның құбылысы туралы баяндадым. Құбылыс деген ол жаңалық деген сияқты. Біздің поэзия әлеміне Мағжанның құбылысы қандай жаңалық болып келді? Біз әр дәуірдің өз тұлғасымен оның шығармашылығы арқылы бір дәуірді сипаттай аламыз. Мәселен Абай. Ол «мен жұмбақ адаммын, оны да ойла» дейді. Шынымен де ол жұмбақ адам. Себебі Абай осыған дейінгі қазақ әдебиетінде жасалған үлкен мұраның жиынтығы, соның бір сапалық деңгейі. Абайдан кейінгі сондай бір сапалық жиынтық ол – Мағжан Жұмабаев. Қазақ мұратануы 1960 жылдары ғана Әл-Фараби туралы айта бастады. Ал Мағжанның 1920-шы жылғы Түркістан өлеңінде сол оқиға жүр. Мағжанның кей шығармаларында біз енді ғана айтып жатқан дүниелер айтылады. Мағжанды біз тек қана ақын деп қараймыз. Алайда 1920 жылдан кейін бізде Қазақ кеңестік автономиясы пайда болды. Сол Кеңестік автономия қалай ел болып кете алады? Қалай аяққа тұра алады? Кеңестік автономия ұлттың мәселелерін қалай шеше алады? Осының бәрін Мағжан ой сарабынан өткізеді», - дейді Дихан Қамзабекұлы
Сонымен қатар, Дихан Қамзабекұлы өз сөзінде көп дүние Елордадан бастау алатынын ескеріп, мұндай келелі кездесулер басқа өңірлерге де үлгі болатынына сенім білдірді.

«AMANAT партиясының бұл мәдени ағартушылық жобасын өте маңызды және бүгінгі күн үшін қажетті, алдағы уақытта да жалғасы болатын жоба ретінде қараймын. Өзім маман ретінде сол дәуірдің біраз материалын беретін азамат ретінде ат салысуға дайынмын. Оқу бағдарламасында Алаш зиялылары туралы бірсыпыра ақпарат беріледі. Мен университетте сабақ беріп жүрген кезімде студенттердің Алаш зиялыларына деген ынтасы ерекше екенін байқайтынмын. Алаш деген ұғым жұмбақ мағына емес, Алаш деген ол – елге қызмет ету. Екіншіден мемлекетшілдік. Ұзақ жылдар бойы бізге мемлекет тұрғызуға мүмкіндік бермеді. Сондай мемлекеті жоқ жағдайда біз түрлі рухани шаралар арқылы ұлттың ұлт екенін дәлелдеп, халықты солай ұстап келдік. Яғни біз шашырып кеткен жоқпыз. Халқымыздың рухының мықты болғандығы да осыдан», - деп қортындылады Дихан Қамзабекұлы.
Айжан Жанатқызы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста