ҚазҰТУ-да ғалымдар бас қосты

ҚазҰТУ-да ғалымдар бас қосты

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мен көрнекті ғалым Ақжан Машанидің 105 жылдығына орай Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Қазақстан мемлекеттігінің рухани-мәдени негіздері» деген тақырыппен республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Конференция қазақ тарихының елеулі тұстарын қамтыған деректі фильм көрсе­тілі­мімен басталды. Жиынды алғашқы бо­лып сөз сөйлеген Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ бірінші проректоры Шыныбай Байыс­беков әуелгі әңгімесіне Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-эко­но­микалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты биылғы Жолдауын арқау етті. Сондай-ақ онда халық мәдение­ті, діні, білімі мен тәрбие мәселесі жан-жақты талқыланды. Академик Әбдімәлік Нысанбаевтың айтуынша, қазақ елі ұлттық идея төңірегінде топтасуы қажет. «Қазақ тілі елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері мен диаспораларды біріктіруші күшке ие болуы керек. Сонда елімізде тек татулық пен бейбітшілік үстемдік құрады», – дейді белгілі академик.
Шыныбай БАЙЫСБЕКОВ, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің бірінші проректоры:
– Біздің университетіміз техникалық білім берумен ғана емес, мәдени ағар­тушылық жұмыстармен де үнемі айналысып отырады. Соның бір айқын дәле­лі – бүгінгі жиын. Еліміздің көп­те­ген мықты ғалымдары мен мәдениет, қоғам қайраткерлері техникалық білім алса да, рухани салада елеулі еңбек сіңірді. Сондай тұлғалардың бірі де бірегейі Ақжан Машани болып табылады. Сонымен қатар білім ошағымыздың басты мақсаты рухани салаға жетік, теория мен тәжірибені ұштастыра білетін, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста