Қажылық пен умраға апаратын туристік компанияға қатысты тергеу басталды

Қажылық пен умраға апаратын туристік компанияға қатысты тергеу басталды

Қажылық пен умраға апаратын «Кәусар тревел» туристік компаниясына қатысты тергеу басталды. Осыдан бір апта бұрын Шымкентте, бүгін Алматыда бір топ азамат аталмыш турфирмаға алдандық деп арыз жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

 
Жұрттың есебінше, компаниядан 300-ден аса адам ақшасын ала алмай сабылып жүр. Басым бөлігінің Мекке мен Мәдинаға ұшу мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен. Енді өзгелері турфирманың былығы көп екенін біліп, қомақты қаражатын қайтарып беруді талап етіп отыр. Былтыр 73 жастағы Жасқайрат Әмірғалиев жұбайымен жұбын жазбағанына 45 жыл толыпты. Соның құрметіне ұл-қыздары 1миллион 200 мың теңгеге Умраға жолдама сатып әперген. Мерзім бойынша екеуі қазір киелі жерде болуы керек еді. Бірақ ақсақалдың турфирма кеңсесінің алдында айналшақтап жүргеніне бір аптаға жеткен.  

Жұрттың есебінше, «Кәусар тревел» турфирмасына алданғандар саны 300-ден асады. Әрқайсысы жолдаманы 500-600 мың теңгенің төңірегінде сатып алыпты. Бәріне бірдей осындай төленді деген бір жапырақ қағаз ғана ұстатқан.

Даудың басы осыдан бір апта бұрын Шымкент қаласынан басталған. Онда дәл осы «Кәусар тревел» компаниясына алдандық деген жұрт ақшасын  қайтарып беруді талап етіп кеңсесінде шу шығарған еді. Меккеге бармақшы болған бір топ алматылықтар алданғанын сол кезде бір-ақ түсінген. Ұшу мерзімі келмесе де, олар төлеген қомақты қаражатын қайтарып беруді талап етіп отыр. Арасында тіпті студенттер де бар.

 «Умра мен қажылыққа апаратын компаниялар да «Туристік қамқор» қорының тізімінде тұрады. Осыған назар аудару керек. Ал «Кәусар тревел» компаниясы тізімде жоқ. Тіркелмеген. Тұрғындар қызмет көрсетудегі заңбұзушылыққа тап болған сияқты. Бұл компанияға жүгінер алдында туристік кодты талап етуіңіз керек еді», - деді «Туристік қамқор» қорының төрағасы Инна Рей.
Алданғанын кеш түсінген жұрт полицейлерге жаппай арыз жазды. Бүгіннен бастап тәртіп сақшылары аталмыш компанияға қатысты тергеуді бастады.

 «Алматы ПД, Медеу ауданы ПБ-на бір күн бұрын екі адам арызданса, бүгін тағы сегіз жәбірленуші арыз жазған. Мән-жайы жан-жақты зерделеніп, ҚР заңнамасына сәйкес, одан әрі шара қолданыла отырып, құқықтық баға берілетін болады», - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Сайып келгенде мамандар кез келген жолдаманы сатып алар алдында туристік фирманы жіті тексерген абзал деп отыр. Өйткені қазір қарапайым демалысқа шетелге шығаратын компаниялар түгілі, киелі жерге апаратын турагенттіктің өзі бір пәсте сан соқтырып кетуі мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста