Қоларба биі ең үздік әлеуметтік жобаға айналды

Қоларба биі ең үздік әлеуметтік жобаға айналды

Қоларба биі Қостанай облысында ең үздік әлеуметтік жобаға айналды. Соңғы жылдары өңірде спорттың бұл түрі қарқын алып келеді. Алты жылда аймақтан Қазақстанның екі мәрте чемпиондары мен республикалық, халықаралық сайыстардың күміс және қола жүлдегерлері шыққан. «Әрбір жаңа би өзінше бір әлем», - дейді 15 жастағы Малика Мұқтарова. Сол үшін де ол қиындықтарды ұмытып, қимыл-қозғалыстарды барын сала игереді. Арба биі көңілді сергітіп қана қоймайды, денсаулыққа да пайдалы. Малика Мұхтарова, І топтағы мүгедек: - Би билеуді 3-4 жылдан бері үйреніп жүрмін. Би билеу маған өте ұнайды әрі пайдалы. Қостанайда өздігінен жүріп-тұра алмайтын кембағал жандарды би өнеріне баулу жұмысы осыдан алты жыл бұрын басталды. Әуелдегі «Билейтін қоларба» аймақтық жобасы кейін респуликалық, халықаралық чемпионаттарға ұласты. Бұл спортты игерем дейтін ынталы жандар көбейді. Аруна Жақсығұлова, «Үміт - Надежда» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары: - Бұл биден кейін денсаулығы жақсарып, отырған отырысы, көзқарасы өзгереді. Осындай турнирлерге қатысқаннан кейін алдында мақсаты пайда болады. Ел көреді, жер көреді, шетелдерді көреді. Спортшылар аптасына үш рет жаттығады. Оларға қойылар талап та мықты. Кем дегенде бес еуропалық және сонша латынамерикалық биді үйренулері тиіс. Мүмкіндігі шектеулі жандардың алаңсыз дайындалуына мемлекет тарапынан жақсы жағдай жасалған. Ерлан Жаулыбаев, облыстық әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру және жұмыспен қамту» басқармасының басшысы: - Мүмкіндігі шектеулі жандарға жыл сайын көптеген қаражат бөлініп, құралдар алынып жатады. Биылдың өзінде 250 арба алынған болса, 1,5 млн-ға әдейі арбамен билеушілерге арнап 5 арба алынды. Бүгінде спортшылар жаңа сайыстарға дайындық үстінде. Мақсат – биік белестерді бағындыру. Мақтанышпен айтар жаңалық, облыста екі бірдей мүмкіндігі шектеулі жан арба биінен шеберлігіне үміткерлікке құжаттарын әзірлеуде.

24.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста