Қоқысты робот жинайды

Қоқысты робот жинайды

Ақтөбелік жас техник Әсет Мәлік қоқыс жинайтын робот құрастырған. Балалардың техникалық шығармашылы­ғын арттыру мақсатында Санкт-Петербург қаласында өткен, 9-17 жас аралығын­дағы 100-ге жуық талантты жасөспірім қатысқан фестивальдан ол жүлдемен оралды.  Электронды желіге бағынатын робот құрастырып жүрген оған екі бірдей үшінші орын берілді.
Әсет Мәлік құрастырған роботтың салмағы 500 грамм. Әзірге шашылған қағаз, қоқысты ғана жинайды. Оны ұялы телефон арқылы іске қосуға да болады. Әсет бұл роботты кәдімгідей үйді тап-тұйнақтай етіп жинайтын нағыз көмекшіге айналдырғысы келеді. Адамның айтқанын екі етпейтін робот жасасам деп армандай­ды. Ол ашылғанына көп бола қоймаған «Робот-техника» үйірмесіне барып жүр. Бұл үйірмеге қазір 40-қа жуық бала келеді екен. Ақтөбелік оқушылар ескі радио мен теледидарлардан алынған қосалқы бөл­шектерді іске жаратып, түрлі көлік үлгілері мен қашықтықтан басқаратын ұшақтарды да жасап шығарған.
Александр ГОНЧЕРОВ, үйірме жетекшісі:
– «Робот-техника» үйірмесінің ашылғанына көп бола қойған жоқ. Техникаға әуес балаларды үйірмеге тек биылғы жылдың қыркүйегінен жинай бастадық. Соның өзінде нәтиже жаман емес. Кішкентай модельдерден баста­дық. Қазір оқушылар үлкен робот жа­сау­ды қолға алды. Ол үшін түрлі техни­каны құрастырумен машықтану аздық етеді. Логикалық бағдарламаларды ен­гізіп, басқару жолын білу керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста