"Қорапқа салып, үй ауласына қалдырып кеткен": Қарағандыда жаңа туған нәрестенің жағдайы ауыр

"Қорапқа салып, үй ауласына қалдырып кеткен": Қарағандыда жаңа туған нәрестенің жағдайы ауыр

Қарағандыда бір үйдің ауласына жаңа туған нәрестені қорапқа салып, қалдырып кеткен. Қазір сәбидің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КазТаг” порталына сілтеме жасап.

"15 шілдеде сағат 21:00 шамасында Қарағанды ​​қаласының полиция департаментінің орталық бөліміне хабарлама түскен. Онда көпқабатты үйдің ауласынан жаңа туған ер баланың табылғаны және ол медициналық мекемелердің біріне жеткізілгені баяндалған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. 21 жастағы куәгер кешкі уақытта үйдің кіреберісінен шығып келе жатып, орындықтың жанынан көрпеге оранған нәресте бар қағаз қорапты көргенін түсіндірді. Бойжеткен оны қолына алып, жақын жердегі медициналық мекемеге жеткізген", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Дәрігерлер сәбиді тексере келіп, нәрестенің шамамен екі сағат бұрын үй жағдайында туылғанын анықтады.

"Бала шала туған, жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта ол перинаталды орталықта дәрігерлердің бақылауында. Істі тергеу барысында полиция қызметкерлері баланың анасы-23 жастағы облыс тұрғы екенін анықтап, ұстады", - деп толықтырды полиция қызметкерлері.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста