Қорым тарихымыздан сыр шертеді

Қорым тарихымыздан сыр шертеді

ОҚО-дан тарихи жәдігерлерге толы қорым табылды. Археологтердің айтуынша, обалардың 2500 жылдық тарихы бар. Ішінен екі әйел мен бес ер адамның сүйегі шықты. Олармен бірге түрлі әшекейлер мен қару-жарақ қоса көміліпті.
Күлтөбе қорғанынан табылған екі оба­ның орнынан біздің заманымызға дейін IV-II ғасырларда қаңлы тайпасында өмір сүрген екі әйелдің қаңқасы шықты. Маман­дар оларды бір мезетте көз жұмған бір отбасының мүшесі болуы мүмкін деп отыр. Төрт бұрышына ыдыс қойып, екеуін бірге жерлепті. Ал басында тұрған құмыраға басылған таңбаның тарихы да тым тереңде жатыр. Қазақстан мемлекеттік орталық музейі археология орталығының жетекшісі Мансура Сатыбалдиева «мұндай заттар­дың көптеп кездесуі обалардан сол кездің өзінде қаңлы мемлекеттік бірлестігінде өмір сүрген тайпалардың тұрмыс-тіршілігі мен материалдық мәдениеті, идеоло­гия­сымен таныстырады және содан басқа да елдермен тығыз қарым-қатынасы болға­нын дәлелдейді» дегенді айтады. 15 қадам­нан кейінгі екінші обада бес мүрде бірге жатыр. Олар қаңлы, сармат тайпаларына тән тереңдігі – 5, ені 6 метр болатын қорымда жерленіпті. Басты ерек­ше­лігі, өзімен бірге қойылған заттық дерек­тері. Археолог Полат Файзуллаев бұл жерден садақ пен су ішуге арналған құмы­раның табылғанын айтады. Археологтер бесеудің төртеуін ересек, ал бірін жас бала деп топшылайды. Өйткені бесінші мүрденің қолында бақа мүсіндес қол моншақ тағы­лыпты. Өзгелерінің жанындағы садақ жебесінің жантайып жатуына қарап, әскери адамдар болуы мүмкін деп жора­мал­дауда. Дегенмен тарихи қазба жұмыс­тары мұны­мен тоқтап қалмақ емес. Айтып өтейік, бұған дейін археологтер осы қор­ған­нан түрлі тай­паларға тиесілі 15 таңбалы тас тапқан бо­латын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста