Қостанай облысында өртенген үйден жеті жасар баланың мәйіті табылды

Қостанай облысында өртенген үйден жеті жасар баланың мәйіті табылды

Жыл басынан бері республика бойынша 8 900 төтенше жағдай оқиғасы тіркелсе, оның салдарынан 246 адам ажал құшқан

Қостанай облысында өрт шыққан үйден жеті жастағы баланың денесі табылды, баланың 61 жастағы әжесі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады өңірлік "Алау" басылымы.

Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 қыркүйек таңғы 7:05-те өрт сөндіру бекетіне Бейімбет Майлин ауданы Береговой ауылында Молодежная көшесінде орналасқан екі бөлмелі үйдің жанып жатқаны туралы хабар түскен.

Шақыру орнына өрт сөндірушілер 7:06-да жіберілген. Қосымша көмек ретінде 7:07-де Рудный қаласының өрт сөндірушілері де аттанды.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына 07:43-те барды. Олар бір пәтердің толық өртенгенін, жалын екінші пәтердің шатырын қамтығанын анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметі барлау жүргізіп, пәтер ішінен 2013 жылы туған баланың мәйітін тапты. 1959 жылы туған әйел күйік жарақатымен Рудный қаласының ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда", – делінген ақпаратта.

Қазіргі кезде төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Өрт сағат 08:17-де ауыздықталып, сағат 09:50-де сөндірілді.

Өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады.

Айта кетейік, 2020 жылдың басынан 10 қыркүйекке дейін Қазақстанда төтенше жағдай салдарынан 246 адам ажал құшты. Осы аралықта 8 900 төтенше жағдай тіркелген, оның 8 100-і – өрт.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста