Қостанайдағы «Нұрлы көш» көштен неге қалды?

Қостанайдағы «Нұрлы көш» көштен неге қалды?

Шетелде жүрген қандастарымыз­ды тарихи Отанына тарту мақса­тын­да Елбасының тікелей тапсырмасымен «Нұрлы көш» бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Осыған сәй­кес, Қостанайдың қасындағы Зареч­ный және Затобол ауылдарының ара­сынан 130 үйге жер телімі бөлі­ніп, тіпті барлық инженерлік коммуникациялар өткізіліп те қойды. Алайда ала жаздай Қостанайдағы «Нұрлы көш» туралы жар салып келген жергілікті билік облыстық мәслихаттың кезекті отырысында оралмандарға арналған зәулім үйлер туралы үмітті жарға жықты.
Тұрғын үй мәселесімен айналысатын агенттіктердің айтуына қарағанда, Қос­танай­да орта есеппен алғанда пәтердің 1 шаршы метрі 600 АҚШ долларына, яғни 90 мың теңгеге сай келеді. Қостанай қаласына тиіп тұрған Заречный ауылына жоспарланған «Нұрлы көштің» үйлерінің әр шаршы метрін мемлекет 56 515 теңгеге бағалапты. «Кәнекей, шаршы метрі 56 мың тұратын жөні түзу баспана салып көріңдерші. Бізде қазір 1 шаршы метрдің құны 120 мың теңгені құрайды, орта есеп­пен 90 мың дейік. Ал басқа бағаға біз үй тұрғыза алмаймыз», – дейді облыс әкі­мі Сергей Кулагин. Осыны тілге тиек еткен жер­гілікті билік «Нұрлы көш» бағдар­ла­масы аясында Қостанайға бөлінген қаржыны қазынаға қайтаруды жөн көріпті. Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Виктор Мейстер: «Нұрлы көштің» 551 миллион теңге қаржысын біз өз еркімізбен қайтардық. Инженерлік желілерді қалдырдық, себебі басқа жүйеге қайта қарастырып берді. Бірде-бір мердігер 90 мыңнан төмен бағаға үй са­лу­ға келіскен жоқ.

Ал егер 90 мыңға салсақ, оны сатып алуға оралмандардың жағдайы жетпейді. Сондықтан 130 үй салып қойып, сосын оны өткізе алмай, екі-үш жыл күзетіп де­ген­дей, текке проблема тудырғанша...» – деп шарасыз адамның кейпіне енді. Жә­не аталмыш жер телімдері жекеменшік құ­ры­лыстарға берілетінін жеткізді.
Осылайша, «ұлттық шоғырлану проце­сінің одан әрі дамуын, әлеуметтік тұрақты­лық пен өзара келісімнің нығаюын, демог­ра­фиялық ахуалдың жақсаруын қамтама­сыз етуге» бағытталған «Нұрлы көштің» Қос­танайдағы жыры жергілікті билік үшін оңай, ал атамекенге оралуды аңсаған қай­ран отандастар үшін өкінішпен аяқталды. «Нұр­лы көштің» жанбай қалған бағы жай­лы, жалпы Қостанай облысында қоныстан­ған оралман бауырлардың жай-жапсарын сұ­рау мақсатында Қазақстан Республикасы Көші-қон комитетінің Қостанай облысы бо­йынша департаментінің директоры Ал­ма­бек Шәмшиевке хабарласқан едік. Ол кісінің көңілі құлазып отыр екен. «Қазір ма­ған ешқандай сұрақ қоймай-ақ қойың­дар. Бүгіннен бастап біздің мекеме ресми түр­де жабылды, ІІМ-нің құрамына кіргізіп жа­тыр. Дүйсенбі күні телефон соғыңдар, мына жерде кім отырады, сол береді ақпаратты», – деп қысқа қайырды Алмабек Қуанышұлы.
Қостанайда арзан баспана са­луға мүд­де­лі құрылыс компаниялар шы­ны­мен жоқ па? Осы сауалға жауап табу мақсатымен біз облыстағы құрылыс кәсіп­орын­дарының басшыларына хабарластық. Сөйт­сек, ше­неу­ніктер айтқан уәж бекер бо­лып шықты. Бұл сөзімізді «Компания Ер­лан» аталатын серіктестіктің басшысы дәлел­дейді.
Төлеген ЖАЙЛАУБАЕВ, «Компания Ерлан» ЖШС бас директоры:
– Үйдің әр шаршы метрін 56 мың тең­­ге­ге салып жатырмын ғой мен. Қос­та­най­дағы «Наурыз» ықшамауда­нын­дағы тоғыз қабатты зәулім үй жуырда дайын болады. Бұған дейін де талай құрылыс нысан­дары­мен айналыстым. Ал «Нұрлы көш» бойын­ша айтарым, кот­тедж үйлер салу қиынырақ, оның жобасына қарау керек. Егер жергілікті бюджет жол салу, коммуникация өткізу сияқты мәселелерді өз мойнына алса, тек қана үй салуды қолға алуға болар еді. Шынымды айтсам, «Нұрлы көш» бойынша салынуы тиіс үйлердің жобасын көрген де жоқпын, маған ешқандай ұсыныс түскен жоқ. Бұл жобаға Қостанай ауданының әкімі жауапты болатын, бірақ біздің арамыз ай­тар­лықтай жақсы емес, сосын шығар... Ме­нің ойымша, егер жандары ашыса, жер­гілікті бюджеттен үстіне 10-15 мың қосуға әб­ден болар еді. Екі неме­се төрт пәтерлі кот­тедждердің жо­басын жасап, жоғары жақ­қа ұсыныспен шығуға болар еді. Сонда үй салу да біраз арзанға түсер еді. Бұл жер­де ынтаның жоқтығы ғой. Ынта болса, барлығын ойластыруға болар еді. Әйтпесе оралмандарға жағдай жасау жергілікті биліктің міндеті емес пе?! Пайдасы шамалы жобаларға жұмсала­тын қаражатты үнем­деп, осы «Нұрлы көшке» аударуға болар еді. Мәселен, мидай далада мектеп салып жа­тыр. «Жуырда бітіреміз» деп жар салуда. Он­да кім оқиды? Қасында бір үй жоқ. Бірақ мек­теп құрылысына ақша көбірек бөлініп отыр... Түсініп тұрсыз ба? Міне, мәселе қай­да жатыр!..

Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, 1991 жыл­дан бері атажұртқа оралған отандас­тарымыздың 26 мыңға жуығы Қостанай өлкесінде қоныстанған. Қазір олар облыс­тың Қостанай, Рудный, Лисаков, Арқалық қа­лалары мен Қостанай, Жітіқара, Таран және Федоров аудандарында ғұмыр кешіп жа­тыр. Былтыр Ресей, Моңғолия, Өзбек­стан­­нан туған елге оралған отбасылардың 800-і Қостанай өңірін таңдаса, биылғы жылдың алғашқы жартысында мұнда кво­тамен 137 отбасы көшіп келіпті. Ал жоспар бо­йынша, ағымдағы жылдың аяғына де­йін бас-аяғы бір мың отбасы Қостанай өңіріне қоныстануы тиіс еді. Бірақ «Нұрлы көштің» Қостанайдағы сәулесінің көмескі тартқанын ескерсек, бұл көрсеткіштің қағаз жүзінде қалатын түрі бар. Бәрінен бұрын «шетелден оралған қазақтарды құшақ жая қарсы алып, оларға қолдан келген жағдай­дың бәрін де жасаймыз» деген ұранды ұста­натын қостанайлық биліктің «Нұрлы көш» мәселесін жылы жауып қоя салғаны түсініксіз. Облыс басшылары мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға құлықсыз ба әлде Қостанайдың жерін оралмандарды қоныстандыруға қимай отыр ма?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста