Қозы Көрпеш пен Баян сұлуға ескерткіш қойылды

Қозы Көрпеш пен Баян сұлуға ескерткіш қойылды

Аягөз деген аядай бұлақ деседі,
Жұрттарда қалған жұмбақты
                                      кімдер шешеді…
Аягөз болып ғасырлар алға көшеді,
Аягөз — Ая, арулар елі кешегі, –
деп Мұқағали ақын жырлаған Аягөз елінде, аңыздар елінде тамаша бір ескерткіш ашылды. Бұл ескерткіш осынау мекенді арулар елі атандырған қос ғашық – Қозы Көрпеш пен Баян сұлуға қойылды.

Аудан орталығындағы «Жастар» сая­ба­ғында ашылған ескерткіштің ашылу сал­та­натына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та қатысты.
– Біз болашақ үшін ешуақытта өткенімізді ұмыт­пауымыз керек. Барлығымыз жас ке­зімізден Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың арасындағы сезім жырланатын мың жылдық әдеби мұраны жақсы білеміз. Осы ескерткішті ашудағы басты мақсат – жастарымызды Қозы мен Баянның сүйіспеншілігі аясында тәр­биелеу. Өйткені екі жастың бір-біріне деген мөлдір махаббаты – ұлттық мәдениетіміздегі әдеміліктің, ақылдылық пен парасаттылықтың айнымас үлгісі, – деді Бердібек Сапарбаев ескерткіштің ашылу салтанатында.
Ашылу рәсімінен соң сол күні шаңырақ көтерген жас жұбайлар мәңгілік махаббаттың символы – Қозы мен Баянның ескерткішіне тағзым етті. Жастарға облыс әкімінің арнайы сыйлығы мен құттықтау хаты табыс етілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста