ҚР ІІМ өкілдері облыс полицейлеріне парасаттылықты тексеру тақырыбында жиналыс өткізді

ҚР ІІМ өкілдері облыс полицейлеріне парасаттылықты тексеру тақырыбында жиналыс өткізді

Түркістан облысының департаментінде ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті. Іс-шарада парасаттылыққа немесе "Integrity check" тексерісінің нәтижелері талқыланды. Оған ҚР ІІМ ӨҚД бастығының орынбасары Әділет Бекмурзинов, сондай-ақ Полиция департаментінің жеке құрамы мен оның қала, аудандық полиция бөлімдерінің басшылығы қатысты.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіткен болатын. Ал оны іске асыру шеңберінде құқық қорғау органдарында "Integrity check", парасаттылықты тексеру тетігі көзделген.

Бүгінде Түркістан облысында парасаттылықты тексеру учаскелік полиция инспекторлары, Түркістан қаласы полиция басқармасының ювеналды және басқа да бөлімдері, Кентау қалалық полиция бөлімі және Сайрам аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінен басталды.

Тексеру кезінде тәртіп сақшыларының күнделікті жұмыстағы түрлі жағдайларға, азаматтармен қарым-қатынас кезінде мейірімділік пен әдептілікке жауап беру қабілетіне ерекше назар аударылуда. Сондай-ақ, полицейлердің сыртқы келбеті, материалдық-техникалық қамтылуы мен планшеттер, бейнежетондардың мақсатты қолданылуы бағаланады. Қатысушылар адалдықты тексеру деректері оң нәтиже беріп, өз тиімділігін көрсететінін атап өтті.

Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, жеке құрам арасында тәртіпті нығайту мен халықтың полиция жұмысына деген сенімін арттыру бойынша одан әрі жұмысты жандандыруға қатысты ұсыныстарын білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста