ҚР ҚК-де алғаш рет автомобильдерді техникалық сүйемелдеу жөнінде пилоттық жоба іске қосылды

ҚР ҚК-де алғаш рет автомобильдерді техникалық сүйемелдеу жөнінде пилоттық жоба іске қосылды

Биылғы жылы ҚР Қарулы Күштерінде алғаш рет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жарақтандыруында тұрған 350-ден аса КАМАЗ көліктерін техникалық сүйемелдеу бойынша пилоттық жоба іске қосылған болатын.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жарақтандыруында тұрған автомобильдер мен КАМАЗ-дың базалық шассилерін кешенді техникалық сүйемелдеу автомобильдердің жұмыс қабілеттілігінің жай-күйі мен ресурсын ұстап тұруға және қалпына келтіруге, ақаулықтарды жоюға бағытталды. Бұл жобаны 2015 жылғы шілдеден бастап Ақмола облысының Ерейментау қаласында орналасқан «Қазақстан инжиниринг 811-ші автожөндеу зауыты» АҚ іске асырып келеді. Жобаның аяқталу мерзімі - ағымдағы жылдың желтоқсаны.
Қорғаныс министрлігі мен ҚР Қарулы Күштерінің жарақтандыруында тұрған КАМАЗ автокөліктері адамдарды, техниканы, отынды және т.б. тасымалдау бойынша міндеттерді орындайтынын айта кетейік.
Зауыт қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыс кешенін жүргізеді, КАМАЗ автокөліктерін уақтылы қалпына келтіру және пайдалануға ұдайы әзрлікте ұстап тұруды қамтамасыз етеді. Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің КАМАЗ маркалы автокөліктерінің барлық паркіне техникалық сүйемелдеу жасауды орынлауға әзір.
Бүгінгі таңда «Қазақстан инжиниринг 811-ші автожөндеу зауыты» «КАМАЗ» бас компаииясының қызмет көрсету орталығымен аттестаттаудан өткен Қазақстан Қарулы Күштерінің мұқтаждығы үшін әскери және қос мақсаттағы өнім шығаратын «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың бірден-бір еншілес ұйымы болып табылады. Қазіргі уақытта зауыттың білікті персоналы, қажетті күш-қуаты және жылына 1 800 автокөлікке қызмет көрсетуге арналған құрал-жабдығы бар.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста