ҚР Қорғаныс министрі Аэроұтқыр әскерлері мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшыларын таныстырды

ҚР Қорғаныс министрі Аэроұтқыр әскерлері  мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшыларын таныстырды

Бүгін, ҚР қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетов генерал-майор Дәулет Оспановты ұсынды. Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының өкімімен ол «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен полковник Алдияров Нұрлан Қапанұлы, «Батыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, полковник Адырбеков Дулат Темірғалиұлы, «Батыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, полковник Каюмов Сабыр Рысбекұлы, теңіз жаяу әскерінің бригада командирі болып тағайындалды.
«Сіздерге еліміздің батыс шептерін қорғауда тұрғандықтарыңыздан ерекше әскери миссия жүктеледі. Білетіңдеріңіздей бұл жерде өте маңызды геосаяси торап қалыптасады, мұнда еліміздің ұлттық мүддесі бар және бола береді де. Сондықтан «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының барлық ұжымын бағынысты әскерлерді даярлау сапасын жақсарту бойынша елеулі, мақсатты бағытталған жұмыс жасауға шақырамын», -деді Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов және «Батыс» ӨңҚ алдында тұрған жеті нақты тапсырманы атап өтті.
Сонымен қатар, кеше Қорғаныс министрі Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының өкімімен Қазақстан Аэроұтыр әскерлерінің қолбасшылығын басқаруға кіріскен генерал-майор Алмаз Жұмакеевті таныстырды.
«Жаңа қолбасшылар мен Аэроұтқыр әскерлерінің штабына бірқатар тапсырма бергім келеді. Аэроұтқыр әскерлерінің бөлімшелері еліміздің кез келген өңірінде кенеттен туындайтын тапсырмаларды шешуге ұдайы әзірлікте болуы тиіс. Сол себепті офицерлерді, сержанттар мен сарбаздарды даярлау бағдарламасына әскери бөлімдерді жауынгердік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде практикалық іс-қимыл мәселелеріне көбірек көңіл бөлген жөн», - деп атап өтті Аэроұтқыр әскерлерінің жаңа командирін ұсына отырып ведомство басшысы Иманғали Тасмағамбетов. Ол сонымен қатар, Аэроұтқыр әскерлерінде қызмет еткен және жауынгерлік әзірлікті арттыруға үлес қосқан алдыңғы командир генерал-майор Дәулет Оспановқа алғысын білдірді.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста