Құм астында қалған ауыл бар

Құм астында қалған ауыл бар

Атыраудың алыс түкпіріндегі Қызылқоға небір дүлдүлдер мен  дарындарды дүниеге әкелген қасиетті топырақ. Ен даланы жайлай орналасқан мекені құтты, жері шүйгін, халқы өнерге жақын, бесіктегі баласынан егде тартқан қариясына дейін ән мен күйге әуес.

Бірақ мұнайлы мекендегі экология мәселесі бұл ауданды да сырт айналып тұрған жоқ. Тайсойған полигонының залалы жойылды деп айта алмаймыз. Алты жасында алпыстағы қарттай боп бетін әжім басқан Нұржанның тағдыры осыған анық дәлел.

Сол Қызылқоғаның табиғаты соңғы жылдары күрт өзгеріске ұшырады. Төсінде төрт түлік өріп, мал мен жанға құтты қоныс болған мекенді құм шағылдар қоршай бастаған. Ала жаздай тамшы жауын тамбағаны өз алдына, қайта-қайта қатты дауылдар тұрып, құм борандар соғатынды шығарды. Күні кеше Сағыз, Мұқыр ауылдарында тағы дауыл тұрып, тұрғын үйлердің шатырлары ұшып, аулаларын қоршаған ағаш шарбақтар құлап, тал-теректер түбірімен жұлынып қалды. Электр желілері істен шығып, телефон байланысы, ұялы байланыс, бәрі бір күнде жым-жырт болып, орталықтан алыстағы ел үшін едәуір қиындық әкелді.

Қызылқоғалықтардың қазіргі қорқынышы – елді мекендерді қоршай орналасқан құм шағылдар. Егер қатты жел мен борандар осылай көбейе берсе, уақыт өте келе қияндағы Қызылқоға құмның астында қалуы әбден мүмкін. Бұл экологиялық апаттың алдын алу үшін облыс көлемінде арнайы жоспар жасақталып, жұмыстар қолға алынса да, халық әзірге оң нәтижені көрмей келеді. Өйткені шағылдарды жоқ етеміз деп бөлінген бірнеше нөлі бар теңгелердің «сайда саны, құмда ізі» жоқ.

Әсіресе, Миялы, Қарабау, Тасшағыл сынды ауылдар құм төбелердің қоршауында қалып отыр. Сол сусыған құмдардың ауыл мектептеріне тым жақын орналасқаны да жергілікті жұрттың үрейін туғызады. «Жаман айтпай, жақсы жоқ», бірақ тоқтамастан қатты дауыл соғатын болса, ауыл бір сағатта құмға көміліп қалмақ.

Жасыл желектен жапырақ та қалмады

Құм басып қалудың алдын алудың бір жолы ретінде табиғат қорғаушылар елді мекендерді жасыл желекпен көмкеруді ұсынады. Осы мақсатқа 2006 жылы 6 млн теңге, 2007 жылы қосымша 10 млн теңге қаралыпты. Бірақ бөлінген қаржының мақсатты жұмсалғаны көзге көрінбей тұр. Жолыңыз түсіп Қызылқоғаға бара қалсаңыз, әр жерде жетімсіреп тұрған ағаш діңдерін көрер едіңіз. Бұл — «Жасыл желек» жобасын жүзеге асыруды міндетіне алған «КаспийИнжСтройКомплект» компаниясының «жемісті» еңбегінің көрінісі. Компания мамандары өздеріне жүктелген міндетті орындағандарын, отырғызылған тал-теректердің ендігі тағдыры аудан әкімдігінің қолында екенін алға тартады. Әйтеуір, «әрі итеріп, бері жығыптының» құрбаны болған талдар сол көктеп, бүршік жармаған күйлері жапандағы жалғыз ағаштың күйін кешіп, жалаңаш қалыптары ғана тұр. Енді олардың бұтақтарын кеңге жайып, жапыраққа оранып, қияндағы елді құмнан қорғайтын алып ағаштарға айналарына деген үміт аз.

186

 

Ойыл қайда, ел қайда?

Елді алаңдатып отырған тағы бір жағдай: өлкедегі бірден-бір су көзі — Ойыл өзені тартылып барады. Соңғы үш жылда өзен тасыған жоқ, соның кесірінен кей жерлері кеуіп, кәдімгідей тақырға айналған.

Облыс орталығынан едәуір алыста орналасқан, бар ырыздығын төрт түлік малмен айырып отырған елдің бар байлығы – осы өзен. Бұрын өзен тасығанда Ойыл бойын қоныс еткен жеті ауылдың шабындықтарына су барып, малға жайлы жер орнайтын, қазір өзен бірнеше жерден үзіліп жатыр. Аша, Меңдібай, Ералы тұсындағы өткелдердің бұрын күміс бұлақ сыңғырлап жататын жері қазір көлік жолына айналып кеткен.

Елдің қауіп етері де сол: келешекте Қызылқоға бір ұрттам суға зар болып қалуы мүмкін. Өйткені «бұрын қамшының сабымен түрткенде, жер астын жарып шығатын мөлдір су қазір күрекпен қазғанның өзінде бірталайға дейін көрінбейді» дейді жергілікті тұрғындар. Ауданда ауызсуды автокөлікпен тасып ішетін ауылдар да бар.

Тайсойған мен Қарасу ауылдарындағы зерттелген су қоры үшін жиырма жылға берілген рұқсат қағазының мерзімі біткен. Су айдайтын қондырғылар да істен шығып, күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Аудан бойынша 67 шақырымға жететін жаңа су құбыры керек.

Антиэффект

Ауылының айналасын шағыл басып, екі күннің бірінде соққан дауылдан құмға көміліп жатқан Қызылқоға – мұнайлы мекендегі ХХІ ғасырдағы қазақ тұрмысының бір көрінісі. Малдың қиымен үйін жылытып, қасық суын автокөлікпен тасып ішіп отыр әлі...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста