«Құқықтық көмек»: Заңгерлер Атырау облысының тұрғындарын толғандырған мәселелерге құлақ түрді

«Құқықтық көмек»: Заңгерлер Атырау облысының тұрғындарын толғандырған мәселелерге құлақ түрді

Белгілі құқық қорғаушы Абзал Құспан бастаған бір топ заңгер тұрғындардың құқығын қорғайтын «Құқықтық көмек» партиялық жобасы шеңберінде Атырау облысында болды. Бұл туралы Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 
Олар сотта және тағы басқа жағдайда арыз-талап толтыру, өкілеттік ету, өзін қорғау мәселелері бойынша Исатай, Индер, Мақат, Жылыой аудандары мен Атырау қаласында азаматтарға кеңес береді.

Қабылдауға келген азаматтарды тұрғын үйді жекешелендіру, жеке сот орындаушыларының қызметі, еңбек даулары, алимент төлемеу мәселелері толғандырады. Жалпы, заңгерлер 100-ден астам адам қабылдады.

«AMANAT» партиясы қолға алған жаңа жоба ең алдымен ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсетуге арналып отыр. Жасыратыны жоқ, құқықтық сипаттағы мәселені шешу кезінде қала тұрғындары көп мүмкіндікке ие. Ал ауыл тұрғындарының сапалы құқықтық көмек алуға деген мүмкіндігі ұдайы бола бермейді. Сондықтан бұл партиялық жобаның мәні мен маңызы ерекше», – деді Абзал Құспан.

Ол сондай-ақ, аталған бастама тұрғындар жиі ұшырасатын заңдағы қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Мәселен, бір топ азамат заңгерлерге 2020 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында қызмет етіп жүрген кезде заңсыз қысқартуға ұшырағандарын жеткізді.

Өз мәселесін айта келген тұрғынның бірі ұзақ уақыт бойы құзырлы органдардың табалдырығын тоздырып жүр. Себебі оның атына іс жүзінде ол иелік етпейтін автокөлік ресімделіпті.

Бір топ әйел пәтерлерді жекешелендіру кезінде пайда болған мәселелер бойынша шағым айтты. Олардың айтуынша, тұруға жарамсыз ескі үйлер беріліпті. Жалға берілген пәтерлерде өмір сүру мүмкін емес. Ал үй ішін өз бетінше қалыпқа келтіріп, жөндеу жұмысын жүргізу үшін олар осы пәтерлерді жекешелендіргісі келеді.

«Шалғайдағы елді мекен тұрғындары үшін бұл жобаның пайдасы көп. Бізге облыс орталығына барып, маман іздеудің қажеті жоқ. «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен білікті маман бізге өзі келіп, қажетті кеңес берді», – деп атап өтті өңір тұрғыны Гүлнар Жұмағұлова.
Өз кезегінде, заңгерлер әрбір өтінішті мұқият қарап, құжаттармен танысып, ары қарай қалай әрекет ету керек екені жөнінде кеңес берді.

Келіп түскен сауалдарды ескере отырып, келешекте жұмысты WhatsApp-тағы автоматтандырылған чат-бот арқылы онлайн режимде жүргізу жоспарланып отыр. Бот 2000-нан астам заңгер тіркелген zan.bar мобильді қосымшасының адвокаттар базасымен өзара әрекеттеседі. Сөйтіп, AMANAT партиясы сапалы қызметтерге қол жеткізе алмайтын отандастарымыздың құқығын цифрландырудың көмегімен қорғауды көздеп отыр.

Атырау облысында пилоттық режимде бастау алған «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы еліміздің барлық өңірінде жалғасады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста