Құрманғазыны ұлықтауды қашан құнттаймыз?

Құрманғазыны ұлықтауды қашан құнттаймыз?

Әдетте, «Күй – қазақтың жаны» дейміз. Ал Құрманғазыны күй атасы ретінде танимыз. Оған негіз де жоқ емес. Құрманғазы – адамзат мәдениетіне күй атты теңдессіз мұра қосқан қазақ халқының аса көрнекті күйші-композиторы.
Шығармаларына күллі дәуір тынысын арқау еткен ол – өз кезеңінің ұлы күрескері де. Исатай мен Махамбет көтерілісіне арнап шығарған ең алғаш­қы «Кішкентай» күйінен бастап, «Кісен ашқан», «Түр­меден қашқан», «Көбік шашқан», «Бұқтым-бұқ­тым», «Қайран шешем», «Кедей зары», «Қы­зыл қайың – Серпер», «Адай», «Сары­арқа» тәрізді күй­лерінің қай-қайсысы да – Құр­ман­­ғазының замана қасіретін, қоғам шындығын жан-жүрегі мен ақыл-ой тезінен өткізе біл­ген­дігінің айғағы. Жалпы, Құрманғазы шығар­ма­­шы­лығы қазақтың бол­мысымен, арман-ойымен ті­ке­лей астасып жатыр. Ал көрнекті музыка біл­гір­ле­рінің күйші шебер­лігіне қатысты пікірі «Құр­ман­ғазының шығар­машылығы мен орын­даушылығын әлі күнге дейін ешбір күйші қайталай алған емес» дегенге саяды. «Құр­манғазының орындаушылығы қандай еді?» – деген сауалға орай шәкірті Дина: «Домбыраны қайысша илейтін», – деп жауап берген екен. Ал Құр­манғазының өзі болса, «Менің оң қолымды, Ди­наның сол қолын бір адамға берсе, шіркін!» деп арман еткен екен. Әрине, Құрман­ға­зының көп күйі бізге Динаның ар­қасында жетті. Дегенмен сол Динаның да: «Кейбір күйлерін өз дәрежесінде жеткізе ал­мадым», – деп ағынан жарылғаны бар. Мұның бә­рі Құрманғазының си­рек кездесетін музыкалық дарынды жан болған­дығын көрсетеді. XIX ға­сыр­дағы орыс журналисі Никита Савичев айтпақшы, егер еуропалық білім алғанда, ол музыка әлеміндегі ең алып жұлдызға айналар еді. Кезінде Ахмет Жұбанов та Құрман­ғазының күйлерін ор­кестрге түсірсе, оның кез келгені симфониялық шы­ғарма ретінде тыңда­латынына еш күмән­дан­баған.
Қысқасы, Құрман­ғазы – басқа күй­лерін бы­лай қойғанда, бір ғана «Са­рыарқа­сының» өзі күллі қазақтың пас­портына ай­нал­­ған ұлы тұл­ға. Ал оның өмірі, адами бет-бейнесі, қуаныш-кү­йініші хақында біз не біле­міз?  Тарихқа сәл ше­гініс жасасақ, Құрманғазыны ең алғаш зерт­теп, мұра­ларын жинақтау ісіне мей­лінше ден қойған Ахмет Жұбанов екен. Ол кісі батыс өңі­рін­дегі көнекөз күй­шілердің көпшілігіне жо­лығып, Құр­манғазы күйлерінің шығу та­рихын тәп­тіштеп жазып кет­кен. Алайда күйші-ком­по­­зи­тордың өмі­рі ауызекі ай­тыл­­ған әң­гімелерге құ­рыл­ған­дықтан, нақ­ты дерек­тер жоқтың қасы. Тұр­мыс тауқы­метін жастайынан тартып, бала ке­­зінен байдың малын бағуға мәжбүр бол­ған жар­лы жігіттің ұлы күйші деңгейіне кө­терілу ара­лығындағы өсу, өрлеу, кемел­дену ке­зеңі мүл­де бұлыңғыр. Отбасы, ұрпағы, туған-туысы жө­ніндегі мәлімет те жоқтың қасы. Өмір­бая­ны­ның бізге белгілі бет­теріне үңілгенде бай­қай­ты­нымыз – Құр­ман­­ға­зы­ның үнемі қуғын-сүргінде болып, түр­ме­ден-түрмеге түскені. «Сонда не үшін қуда­ланған?» дегенде: «Үстем тап өкілдері «ұры», «бұзақы», «ел арасына іріткі са­лу­шы» деп айыптаған. Құрман­ға­зының жүр­­­ген же­рін­де Исатай мен Махамбетке қа­­тысты әң­гімелер айтып, оларға арнап шы­­ғарған күйін тар­татынын ұнатпаған» деген­дей нанымсыздау уәж­дер айтылады. Ал Құр­манғазы болса өзінің 73 жылдық ғұмы­рының жартысынан көбін абақ­тыда өт­кізеді, шығады, қайта ұсталады, ақ­та­ла­ды, қайта қуғындалады. Осы деректерді хро­нологиялық тұрғыда тізбелеп айта­тынымыз бол­маса, біз күйші өміріндегі әрбір оқи­ғаның жай-жапсарына, се­беп-сал­да­ры­­на жіті үңі­ле бермейміз. Әйт­песе Құр­ман­ғазының ту­ған топырағы мен айдауда, қамауда болған жер­­­лерін ара­лап, яғни Орынбор, Орда, Ас­тра­хань абақ­ты­ла­рының мұрағаттарын із­дес­ті­руге әб­ден бо­лар еді. Алайда музы­ка­та­ну­шы ға­лым­дар қа­ражат тапшылығына байла­нысты бұған мүм­кіншіліктің жоқ екендігін айтады. Бірақ ең бас­тысы – «осыны қолға алу қажет-ау» деген бас­тамашы топтың да болмай жүр­гені анық. Соның есебінен ұлы күйшіге қатысты бүкіл әңгіме естушісін ертегідей елітеді. Содан да «арқасында тайдың жа­лын­дай жалы болған», «са­қалы белуарына дейін жететіндіктен, дом­­быра тартқанда, оны қолына орап ала­тын», сон­дай-ақ, «Құрманғазының ақын­дығы, мер­гендігі мен палуандығы да ке­ремет-тұғын» де­ген тәріздес сөздер де аңыз бен ақиқаттың арасында қалып отыр.
Мұның сыртында Құрманғазы бейне­сінің кино мен көркем әдебиетте, деректану ғы­лы­мында, бейнелеу мен мүсін өнерінде кейіптелу жағы да кемшін соғып жатыр. Яғни күйшінің өмірі мен шығармашылы­ғына қатысты энцикло­пе­диялық жинақтар, көркем шығармалар, көркем және деректі фильмдер, күйлерінің тақырыбы бойынша салынған картиналардың саны да, сапасы да ауыз толтырып айтарлықтай емес. Мы­салы, осыдан біраз жыл бұрын «Құр­ман­ғазы» атты деректі фильм түсірген режис­сер Сатыбалды Нарымбетов: «Ұрпақтарын таба ал­мадық. Өміріне қатысты мардымды деректер де жоқ болып шықты. Ақыры фантазияға сү­йеніп, Құрманғазыны тек об­раздар арқылы ашуға тура келді», – дейді.

Бір пікір   
Кәрима САҚАРБАЕВА, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы халық музыкасы факультетінің деканы:
– Құрманғазы мұрасын насихаттауға жұмыла кіріскеніміз жөн. Мысалы, теледидардан ұлы күйші мұрасы жөнінде тұрақты хабарлар беріліп отырса, күйлері түгелімен радио, теледидар қорына дәулескер күйшілердің орындауында жазылса, халық аспаптары оркестріне түсірілсе, лекция, концерттер жиі беріліп тұрса, болашақ ұрпаққа жетер еді. Жалпы, Құрманғазы күйлерінен жыл сайын жеке концерт ұйымдастырып, жиі насихаттап тұрған абзал.
Біздің орындалмай жүрген бір арманымыз – консерваторияның алдында Құрманғазының ескерткіші тұрғызылса дейміз...

Түйін
Тағы бір таңғаларлық жайт, композитор есімін иеленген білдей бір консерватория, атағы дардай оркестр бар Алматыда Құр­манғазыға тұрғызылған бірде-бір ескерт­кіш жоқ. Күйші ескерткіші бүкіл Қазақстан бойынша тек бір ғана Атырау қаласында тұр. Ал Астраханьдағы ескерткішін қайсы­бір жылы Елбасымыздың өзі бас болып барып ашып қайтқандығы есімізде. Күллі қазақ «күй атасы» деп танитын Құрман­ға­зыға мейлі Алматыдан, мейлі Астанадан, тіпті еліміздің әрбір ірі қалаларынан бір емес, ондаған ескерткіш тұрғызсақ та, артықтық етпес еді. Өкінішке қарай, бізде әзірге ондай ниет болмай тұр. Айналып келгенде, осының барлығы Құрманғазыдай ұлы тұлғаны ұрпағының танып-білуіне мейлінше кедергі болуда...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста