Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар!

Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар!

Алланы бір, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды хақ деп білетін мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлы­ғы – Құрбан айт күндеріне де жеттік. Алла тағаланың разылығы үшін мал шалы­нып, кең дастарқан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам Қазақстан жұртшылығына да ырыс пен береке әкелсін!
Бұл күндердің ұлықтығы сол – мұнда адам ба­ласы өз Жаратушысына барынша жақындауға мүм­кіндік алады. Асылы, «құрбан» сөзі де араб тілінен аударғанда «жақын болу», «жақындау» мағынасын білдіреді. Олай болса, құрбандық шалу ғана емес, Алланың рақым-мейіріміне қол жеткізудің бір жолы деп түсінген абзал.
Құрбан айт мейрамының жамағат арасындағы бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттырудағы рөлі аса зор. Айт намазын оқуға мешітке келген мұсыл­ман­­­дар бір-бірімен көрісіп, қабыл болсын деу ар­қылы достық пен ағайындық­ты нығайта түседі. Ме­рекенің алғашқы күні ертерек тұ­рып, ғұсыл алып, таза киім киіп, қош иісті әтір сеуіп, кө­ше­де жолыққан адамға ашық жүзбен сәлемдесу, құрбан­дық етімен ауыз ашу үшін айт намазының алдында еште­ңе жемей, оған бара жатқанда тәкбір айту – хазіреті Мұ­хам­мед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз­дың сүннеті.
2010 жыл – Отанымыз үшін ерекше жыл. Тәуелсіз мем­лекеттер достастығына мүше елдер арасында Қазақ­стан тұңғыш рет 56 мемлекет құра­мына енетін халық­ара­лық аса беделді Еуропадағы қауіпсіздік және ынты­мақ­тастық ұйымына төраға­лық етуде. Әлемдік үлкенді-кішілі мемлекеттердің басшылары мен ірі қайраткерлердің, сарабдал сарапшылардың бұған қатысты берген бағасы мен пікірі мейлінше жоғары. Құрбан айттан кейін Аста­на­да осы ұйымға кіретін мемлекет басшылары мен ха­лық­аралық беделді ұйымдар өкілдерінің келелі басқосуы – Саммиті өтпек. Онда әлемдік күрделі мәселелер қа­ралып, талқыланады. Осының бәрі Тә­уелсіз Қазақстанның, оның дана басшысы Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаевтың зор абыройы мен бе­делінің арқасы екенін әлем танып, мо­йындап отыр. Мұны әрбір отандасымыз зор мақтаныш етіп, үл­кен жетістік деп біледі. Бұл үшін Алла тағалаға сан­­сыз мақтауымыз бен шүкіршілігіміз бол­сын!


Құрметті мұсылман бауырлар мен отандастар!
Ұлық мереке құтты болсын! Айт күн­гі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құр­бандықтарыңызды Алла тағала қа­был етсін! Әрбір отбасына бақыт, бе­реке қонғай! Көп ұлт пен ұлысты Ота­­нымызға бірлік пен ынтымақ бер­гей!
Жаратушы иеміз сүйікті Қазақс­та­ны­мыз бен ел қамында жүрген Елба­сы­мыздың мерейін үстем етіп, хал­қымыздың ауызбірлігін арттыра бер­гей! Әмин!
Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста