«Құтқарыңыздар»: Қытайдағы қазақ студенттері дереу эвакуациялауды сұрап жатыр

«Құтқарыңыздар»: Қытайдағы қазақ студенттері дереу эвакуациялауды сұрап жатыр

 Әсіресе, коронавирус індетінің ошағы – Ухань қаласында білім алып жатқан қазақ жастары жандарын шүберекке түйіп отыр. Өйткені,11 млн халқы бар шаһар карантинге жабылып, жерлестеріміз далаға шыға алмай қалған.
«Статистика бойынша, Ухань қаласында 87 қазақ студенті бар. Не істерімізді білмей отырмыз.  Әуежай мен  теміржол вокзалы жабық. Қоғамдық көлік те жүрмейді. Қытайдағы елшілік 3 күн бұрын жеке мәліметтерімізді сұратқан. Бірақ біздің денсаулығымызды қорғауға  қатысты ешқандай шара қолданған жоқ», - деп жанайқайын білдірді Ухань қаласында оқып жатқан студент  Аружан Бегманова.

Оның үстіне студенттерде медициналық бетперде жоқ. Сондықтан Аружан Бегманова Ухань қаласындағы  87 студентті ұшақ жіберіп, індет ошағынан алып кетуін сұрап отыр. 
«Жатақханадағы бөлмемізде тығылып отырмыз. Бір аптаға алған  азығымыз таусылуға жақын.  Дүкендер мен базарлар жабық, жұрт бәрін талап әкеткен. Әсіресе,  медициналық бетперде таппай қиналып отырмыз.  Елде әке-шешем мен бауырларым күтіп отыр. Қысқасы, Қазақстанға қайтқымыз келеді. Инфекция мен вирус өріп жүрген жерде не істейміз? Сондықтан Қазақстан Үкіметінен  Ухань қаласындағы студенттерді дереу эвакуациялауды сұраймын. Әлде  ауру жұқтырып ажал құшқанда  ғана қимылдайсыздар ма?», - деп ашынады Аружан Бегманова. 
Сыртқы Істер министрлігінен тұщымды жауап ала алмаған студенттер шетелдегі қазақстандықтардың басын қосатын  ұйымнан да көмек сұрапты.
«Мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша Швейцарияда оқып жүрмін. Бірақ қытайдағы жерлестеріміз күнде хабарласып жатыр. Мендегі ақпарат бойынша Қытайда 14 мыңнан астам студентіміз бар. Сыртқы істер министрлігі бұл  мәселе бойынша  бүгін брифинг өткіземіз депті. Соны қыз-жігіттер  тағатсыздана күтіп отыр. Медициналық бетпердені ұшақпен жеткізіп бере ме, әлде бұл жақтан алып кете ме соны білгілері келеді. Қатты қорқып  отыр», - дейді “ҚазАльянс” қоғамдық бірлестігі (шетелдегі қазақстандықтар альянсы) басшысының міндетін атқарушы  Әлішер Тұрсын. 

Ал қазіргі таңда адамдармен қатар үй жануарлары құстар мен малға жұғатын коронавирус вирусынан Қытайда 26 адам көз жұмған. 849 адамның қауіпті кеселді жұқтырғаны анықталды. Ал еліміздің Денсаулық сақтау министрі бұл вирустың  қазақстандықтар арасында таралмағанын, бірақ Қытайдан келетін азаматтарымыздың әуежай мен вокзалдарда қатаң тексеріліп жатқанын айтты.
Ербол Ертөре, Нұр-Сұлтан

www.azattyq.org
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста