«Құтылам» деп тұтылды
Республикалық «Алма-Ата Инфо» басылымы арқылы «мемлекеттік құпияны жария етті» деген айып тағылған Сұлтан Махмадов қолға түсті.
Ол тамыздың 6-сы күні Тараз қаласында үйқамақта отырған жерінен қашып кеткен болатын. Шұғыл іздестіру шарасына қырғызстандық арнайы қызметкерлер де қатысқан. Операция барысында айыпталушы кәсіпкер С. Махмадовтың жүрген жері анықталып, Қырғызстан территориясында ұсталған. Сол мезетте айыпталушы Тараз қаласына жеткізіліп, сот үрдісі жүргізілді. Ол үйқамаққа Жамбыл облыстық сотының шешімімен өткен жылдың желтоқсан айында отырғызылған болатын. Айыпталушы азамат Сұлтан Махмадовтың үстінен мемлекеттік құпияны жария еткенінен бөлек, оның иелігіндегі «БМ» компаниясына қатысты «салықтан жалтару» бойынша қылмыстық іс қозғалуда.