Қырғыздағы қырғын өздігінен тоқтай ма?

Қырғыздағы қырғын өздігінен тоқтай ма?

Соңғы үш-төрт күннің ішінде Қырғыз еліндегі төңкеріс салдарының көкесі енді басталып, уақытша билік елдегі ахуалды ырықтан шығарып алды. Елдің оңтүстігі бетіне перде түрген бандылардың айтақтауымен болған ұлтаралық қақтығыс кесірінен қанға бөкті. Көше толған мәйіттерді жинап әкетуге ешкімнің жүрегі дауалар емес. Қаңғыған оқтан жазықсыз жандардың өмірлері қиылып кетті. От пен оқ ортасындағы Ош пен Жалалабадтың Ирак пен Ауғанстаннан айырмашылығы болмай қалды. Дегенмен әбден болары болып, бояуы сіңгеннен кейін қырғыз уақытша үкіметі ахуалдың біршама тұрақтанғанын, кешегі таңды тыныш атырғанын хабарлап отыр. Қырғыз денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, әуелі Ош, содан кейін Жалалабадта жалғасқан қантөгістерден 124 адам қаза болып, 1685 адам медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болған. Алайда бейресми деректер бойынша, зардап шегушілердің қарасы бұдан көп болуы мүмкін. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қазақстандық азаматтар дін аман.

273

Қантөгістің ұйымдастырушысы кім?
Ош әрең тынышталып еді, сенбі күні түнде Жалалабадтағы ұсақ қақтығыстар барысында атыс болып, бірқатар үйлер, сауда орындары өртелді. Бандылық топтар Майлысу шам зауытын басып алуға әрекет жасаған. Қырғызстан МҰҚК министрінің бірінші орынбасары, Жалалабад қаласы мен Созақ ауданының коменданты Құбатбек Байболовтың айтуынша, Жалалабадта милицияның формасын киіп, бетіне перде жапқан арандатушы топ қырғызға да, өзбекке де оқ атып, елдің тынышын алған. Ресми мәліметтер бойынша, Қарасу аудандық ІІД бастығы мен оның жүргізушісі, Ош облысында ішкі істер органдарының бес қызметкері қаза болып, тағы 11-і жарақат алған.

Комендант Құбатбек Байболов Ошта «ұлтаралық қақтығыстарды ұйымдастырды» деген айыппен танымал саяси тұлғаның ұсталғанын мәлімдеді. Әзірге оның аты-жөні құпия сақталып отыр. Тұтқындалған азаматтың айтуынша, елдегі жекелеген саяси күштер жаппай тәртіпсіздіктерді референдумның өтуіне жол бермей, қазіргі билікті құлату мақсатында ұйымдастырған көрінеді. Қырғыз және өзбек өкілдерінің айтуынша, қантөгісті ұйымдастыруға бұрынғы президент Қ.Бакиевтің туыстары Санжар Бакиевтің және осы аймақта жүрген Ахмат Бакиевтің қатысы бар көрінеді. Алайда бұрынғы президент Құрманбек Бәкиев Қырғызстанның оңтүстігіндегі қырғынға қатысы жоқтығын мәлім етті.

Қырғызстанның оңтүстігінен Өзбекстанға 75 мыңнан астам этникалық өзбектің үдере көшуі ұлтаралық ахуалдың қаншалықты шиеленіскенін көрсетеді. Қырғызстандағы ұлтаралық шиеленіске байланысты Өзбекстан СІМ мәлімдемесінде Өзбекстан Қырғызстанның оңтүстігіндегі қақтығыстың шиеленісуіне алаңдаушылық білдіреді және ол өзбек диаспорасына қарсы бағытталған деп есептейді. «Әсіресе осы жаппай адам өлтіру, тонаушылық пен үйлерін өртеушілік Ош пен Ош облысында тұратын өзбек диаспорасына қатысты орын алып отырғаны қатты алаңдаушылық тудырады... Мұның барлығы мүдделері қырғыз халқының мүдделерінен тіпті алыс күштердің арандатушылығымен жасалып отырғаны ешқандай күмән тудырмайды», – делінген Өзбекстан СІМ-нің мәлімдемесінде. Өзбекстанның тек Әндіжан облысында Қырғызстаннан келген 7,4 мың босқын медициналық көмекке жүгінген, оның 80 шақтысы атыс қаруларынан жараланған. Босқындар және этникалық қандастарының мәселесіне орай Өзбекстан БҰҰ, ЕҚЫҰ секілді халықаралық ұйымдар атына шағым түсіруі мүмкін. Қырғыз елінің уақытша үкіметі елде мобилизациялау туралы декрет қабылдап, алдымен 2 мың запастағы офицерлерді, жастарды әскер қатарына шақырды. Жақында Қырғызстанның уақытша президенті міндетін атқарушы Роза Отынбаева елдегі ұлтаралық шиеленістерді реттеу үшін Ресейден әскери көмек сұрағанымен, ресми Мәскеу оның өтінішін қабылдамады. Бірақ Ресей Кант әскери базасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша күш ретінде 31-десанттық-шабуыл бригадасын аттандырды.

1160

Не істеу керек?
Ресей өз мүддесін күйттеп, әлгіндей қадамға барумен шектелді. Ал халықаралық ұйымдар не істеуі керек? Бұл арада ұстаным әлі айқын емес. Сарапшылар пікірі де екіге жарылып отыр. Қырғыздың уақытша билігі қақтығыс зонасында әрекет ететін бітімгершілік күштер кіргізілуіне мүдделі. Қырғызстан уақытша үкіметтің жанындағы консультативті кеңестің мүшесі Феликс Құлов: «Бітімгершілік күштерді енгізбесек, біз бейбіт азаматтарымыздан ғана емес, мемлекеттің бір бөлігінен де айырылуымыз мүмкін. Басқа амал жоқ», – деп, тез арада шешім қабылдау керектігін меңзейді. Қазақстандық «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев көрші елдегі ахуалды реттеу үшін сырттан әскердің араласуы қажет деп есептейді. «Басқа елдерге көз жұмып, Қырғызстанның ішкі істеріне тікелей араласпай отыруға болар еді. Бірақ қазіргі қырғыз билігінің Ресейден көмек сұрағандығын ескеру керек», – деп пікірін негіздейді А.Чеботарев. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтановтың пікірінше, Қырғыз Республикасының оңтүстігіндегі этникалық қақтығыстардың ушығуынан «Өзбекстан ислам қозғалысы» секілді халықаралық лаңкестік ұйымдардың араласып кетуі мүмкін. «Қазір ең бастысы – Қырғыз уақытша үкіметі қырғыз бен өзбек арасындағы ұлтаралық қақтығысты тізгіндеуі керек. Бұл үшін Қырғыз үкіметі өзінің әскери әлеуетін барынша пайдалануы қажет. Ал бұл мәселені ҰҚШҰ-ның бірде-бір елі Қырғызстан үшін шешуі тиіс емес», – дейді Б.Сұлтанов. Сондай ол бұрынғы Қоқан хандығының мекені – Ферғана жазығында халифат орнатуды көксейтін «Өзбекстан ислам қозғалысының» өзбектерді қорғаштау деген сылтаумен белгілі бір әрекеттерге бару мүмкіндігін үлкен қауіп деп бағалайды. «Егер ӨИҚ қатысуымен қақтығыс өршіп, халықаралық ауқымға жететін болса, Қырғызстандағы ахуал қиындайды. Сол кезде Қырғыз үкіметіне жеке-дара әрекет етіп қоймай, ҰҚШҰ күштерін кіргізу мәселесі көтеріледі», – деп түйді саясаттанушы Б.Сұлтанов.

БҰҰ, ИҚҰ, Еуроодақ, ЕҚЫҰ ұйымдары Қырғыз елінің оңтүстігіндегі оқиғаларға алаңдаушылығын білдіріп, өздерінің арнайы өкілдерін жіберді. Ош қаласында орын алып отырған тәртіпсіздіктерден орын алған адам қазасына байланысты көңіл айтып, алаңдаушылық білдірген ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев арнайы өкілін Қырғызстанға аттандырды. Кеше ЕҚЫҰ қазіргі төрағасының арнайы өкілі Жәнібек Кәрібжанов Қырғызстанның уақытша президенті Роза Отынбаевамен кездесіп, екі тарап елдің оңтүстігіндегі жағдайды тұрақтандыру жөнінде пікір алмасты.

Қырғыз еліндегі ахуалға байланысты ҰҚШҰ төрағасы ретіндегі Ресей Президенті Д.Медведевтің нұсқауымен ұйымға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл консультациясы барысында ұлтаралық шиеленісті бәсеңдету жөнінде нақты ұсыныстар қабылдап, бірлескен мәлімдеме жасады. Консультацияларға қатысушылар Қырғызстанның оңтүстігіндегі ұлтаралық шиеленіс деңгейін бәсеңдетуге, қылмыстық элементтер мен қарақшылық топтардың заңға қайшы әрекеттерін ауыздықтауға, экстремистік қимылдардың жолын кесуге және шекаралық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған нақты ұсыныстар қабылдады. ҰҚШҰ елдері Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің төрағасы Николай Патрушев ұйым тарапынан қандай да бір шаралар қабылданатынын жоққа шығармайды. Әзірге бұл жиынға қатысушылар Қырғыз еліндегі ахуалды реттеу бағытында ұйым басшыларының атына жоба ұсынған. Егер ұйым басшылары өзара келісетін болса, ҰҚШҰ Қырғыз еліне өзінің бітімгершілік күштерін аттандыруы мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста