Қырғызстан қазақтары Наурыз мерекесін атап өтті

Қырғызстан қазақтары Наурыз мерекесін атап өтті

Қырғыз қазақтары 13 наурызда Бішкек қаласындағы Т.Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясында Наурыз тойына арналған мерекелік шара өткізді. Ол Қырғыз Республикасының Тарих және мәдениет жылына орай Қырғызстан қазақтары қауымдастығының төрағасы Еркін Бөлекбаевтың 55 жылдығы мен Қырғыз Республикасы мәдениетінің үздігі, Халықаралық байқаулардың лауреаты, әнші Ержан Мусиннің шығармашылық кешіне арналды.

«Биылғы жыл ерекше мерекелік шараларға толы. Қырғыз және Қазақстан Республикаларының тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Ұлы ойшыл Жүсіп Баласағұнға 1000 жыл, Тайлақ батырға 210 жыл, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерлісіне 100 жыл. Қырғыз автономиялы республикасына 90 жыл, Қырғыз КСР-іне 80 жыл болады. Сондықтан Тарих және мәдениет жылына орай Наурыз мерекесі қарсаңында әдебиет, өнер лауреаттарын анықтауды ұсынамын», – деген Е.Бөлекбаев Наурыз мерекесінің бейбітшілік пен ынтымақтастықты сақтаудағы маңызы мен рөліне ерекше тоқталды.

«Наурыз – шығыс халықтарының жыл бойы сағына күтетін ерекше мейрамы. Біздің Қазақстанның батыс өңірінде Наурызды тойлау басталып кетті. Оны – Көрісу деп айтады. Баяғыда көшіп-қонып, алты ай қыс бірін-бірі көрмеген бабаларымыз малдың аузы көкке, бала-шағаның аузы аққа енді жеткен кезде наурызда бірімен-бірі көрісіп, құшақтасып, сағыныштарын басып, тойлап жатады екен. Бұл содан қалған дәстүр. Биыл Қазақстанда халық бұл мерекеде 5 күн демалады», – деді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев.

Ал Қырғызстандағы Қазақстан Елшісінің кеңесшісі Ербол Ахметов: «Наурыз айының аяғында Қырғызстан театрлары, өнерпаздары қазақ театрының қара шаңырағы саналатын Алматыдағы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өзінің қойылымдарын бастайды. Ол да екі бауырлас халықтардың арасындағы туысқандықтың белгісі деп санаймын» дегенді айтты.


Ерлік Ержанұлы 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста