Қытайда 6 жыл бойы үңгір түбінде өмір сүрген ит құтқарылды

Қытайда 6 жыл бойы үңгір түбінде өмір сүрген ит құтқарылды

Қытайда 50 метрлік үңгірдің түбінде 6 жыл бойы жатқан ит құтқарылды. Осы жылдар бойы жануарға тұрғындар үңгір қиылыстарының көптігі мен ұзындығының салдарынан көмектесе алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қытайдың оңтүстігіндегі Юньнань провинциясындағы ауылда кішкентай күшік тереңдігі 50 метр шұңқырға құлап кеткен. Жергілікті тұрғындар оны алты жыл бойы шығарып алуға тырысқанымен, еш нәтиже болмаған.

 
Үңгір айтарлықтай ұзын және рельефтің ерекшеліктеріне ие болды, деп жазады РИА Новости.

Ұзақ уақыт бойы адамдар тамақты жоғарыдан тастап отырған. Ал суды ит жерасты бұлақ көзінен алған.

Қараша айының басында бұл оқиға қытайлық ғаламторда үлкен резонанс тудырып, жұртшылықтың назарын аударды. Айдың ортасында құтқарушылар ауылға жеткенімен, қиындықтарға тап болды. Өйткені, осыншама жыл адам көрмеген жануар шошып, жыраға тығылып қала берген. Ал ол жерден итке құлау қаупі бар болғандықтан шығарып алу мүмкін болмаған.

Құтқару операциясы басталғаннан кейін екі апта өткен соң, 29 қарашада итті тамақ беру арқылы шақырып, жер бетіне алып шыққан. 

Қазір жануардың жағдайы жақсы, ветеринарлар оны бақылауда ұстап қажетті ем-домын көрсетіп жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста