Қытайлықтар Қазақстанда қалып қояды деуге еш негіз жоқ: Сыртқы істер министрі визасыз режим жайлы пікір білдірді

Қытайлықтар Қазақстанда қалып қояды деуге еш негіз жоқ: Сыртқы істер министрі визасыз режим жайлы пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігі еліміз бен Қытай арасында орнауы мүмкін визасыз режимге түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әзірге бұл келісім тек пысықталып жатыр. Біз оны қоғамдық талқыға шығардық. Бірақ кейбір БАҚ бұл келісімге ендігі қол қойылып қойғандай етіп жазды", - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде.

Оның айтуынша, аталған келісім әлі көпшілік талқысында және күшіне енбеген.

"Қазақстанда қытайлықтар қалып қоюы мүмкін деп пайым жасауға еш негіз жоқ. Бұл ретте ҚХР азаматтарының Қазақстанда 2022 жылғы маусымнан бастап визасыз жүріп-тұруына құқығы бар екенін атап өткім келеді. Олар 14 күн визасыз жүре алады. Көріп отырғаныңыздай, қытайлықтар көптеп келіп жатқан жоқ және жұмыс орындарында тапшылық туындайтындай себеп жоқ. Біз оларға он төрт және отыз күнге шекараны аштық", - деп түсіндірді Айбек Смадияров.

Ресми өкілдің айтуынша, бұл ел экономикасына қосымша қаржы тартуға және қазақстандықтар үшін жаңа жұмыс орындарын құруға септігін тигізбек.

"Қазақстан Үкіметі дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде қолайлы инвестициялық ахуал жасауға, іскерлік байланыстарды жандандыруға және елдің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін визалық рәсімдер мен режимдерді заңдастыру жөнінде қадам жасап жатыр. Осы ретте бұл еліміздің экономикасына қосымша қаржы тартуға және азаматтарымыз үшін жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етпек", - деп түйіндеді министрліктің ресми өкілі.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста